20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

СИРИЯДА 60 ТҰРҒЫН СОДЫРЛАР ҚОЛЫНАН АЖАЛ ҚҰШТЫ

Сейсенбі, 24 Қазан 2017 13:03

 

Сирия ТГИЛ содыр Сирияда «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» содырлары соңғы үш аптада 60 бейбіт тұрғынның өмірін қиды. Тағы 100-ден астам адам ұшты-күйлі жоғалып кетті. Қаскөйлер мұндай қатігездікті Хомс провинциясындағы Эль-Карьятайн қаласында үкімет әскері келіп жеткенше жасап кеткен. Бүгінде шаһар түгелдей билік жасағының бақылауына өтті. Бұл туралы провинция губернаторы мәлімдеді. Айтуынша, қаза тапқандардың көбі шаһар әкімдігінің қызметкерлері мен зейнеткерлер. Содырлар оларды биліктің тыңшысы деп жазаға тартқан.

203 рет қаралды

Пікір жазу