20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

САУД АРАВИЯСЫНЫҢ 11 ХАНЗАДАСЫ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 07:23

 

Сауд Аравиясында басқарушы билікте отырған отбасыларының 11 ханзадасы қамауға алынды. Сәйкес өкімді ханзада Мухаммедом бен Салманом басқаратын сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комитет енгізді. Бұл туралы «Аль-Арабия» арнасы хабарлайды.  Ведомство  сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар жоғары  билікте отырғандарды тұтқындау, шоттары мен активтерін бұғаттау, оларды тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кетті. Жергілікті БАҚ сілтеме жасап ТАСС-тың хабарлуына қарағанда, күдіктілер арасында король Салманның жиені миллиардер, Аль-Валид мен Таляль бен Абдель Әзиз Әль Сауд ханзадалар бар. Айта кетейік, 4 қарашада  Сауд Аравиясының королі Бен Абдель Азиз Аль Сауд сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жоғары комитеттін құру туралы жарлық шығарған болатын. Оның құрамына елдің Бас прокуроры, мемлекетті қауіпсіздік басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлтық басқарманың басшысы т.б. маңызды құрылымдардың өкілдері кірген.

80 рет қаралды
Осы категориядағы басқа материалдар: « СИРИЯДА 60 ТҰРҒЫН СОДЫРЛАР ҚОЛЫНАН АЖАЛ ҚҰШТЫ

Пікір жазу