23Маусым2018

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН MTV AWARDS СЫЙЛЫҒЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017 14:10

 

Димаш Құдайберген MTV Music Awards сыйлығына ұсынылды. Бұл жайында әншінің өзі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Болар істің алдын кеспе, деп айтады. Бірақ сіздің алдыңызда айтқым келіп отыр. Алдағы уақытта мені MTV Music Awards номинациясына ұсынып жатыр деп естідім. Өзімнің арманым - үлкен аренада, жанды дауыста концерт беру. Сол арманыма қол жеткізуге үлкен демеу көрсетіп жатқандарыңыз үшін үлкен рахметімді айтамын», - деді Димаш ҚР Президентіне қарата. 

 

 

Сонымен қатар бүгін, әнші Димаш Құдайберген Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясына қатысып, өз тілегін жастарға арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өз сөзінде әлемге әйгілі жас әнші барша өнерсүйер жерлестеріне алғыс айтып, Президент сияқты қазақ халқын дүниежүзіне танытуға күш салатынын жеткізді. «Сіз Қазақ елін әлемге таныттыңыз, өнерім арқылы, әнім арқылы қазақтың болмысын, табиғатын, өшпес тарихын, ата-бабаларымыз әуелетіп кеткен халық әндерін әлем сахналарында орындау, шарықтату менің басты мақсатым болды, болады да. Қазіргі таңда әлемнің қай түкпірінде, қандай әлем сахналарында өнер көрсетсем де, қазақ деген өр тұлғасы келіскен ерекше бір елден келдім деп мақтанып айтамын. Керегесі кең, кіммен де болса терезі тең еліміздің болашағы жастардың қолында деп өзіңіз айтқан болатынсыз. Қазіргі кезде өресі биік жастар үшін үлкен стратегиямен елімізді әлемге танытуға барлық мүмкіндіктер жасалды. Осы орайда барша жастарды қазақтың атын күллі әлемге паш етуге шақырамын», - деді Димаш Құдайберген. Сосын өз сөзін ол «Сан ғасырлар тарихынан кешегі, Туған елдің шежіресі еседі. Менің елім Қазақстаным, Отаным, болашағы бізбен бірге өседі» деген өлең шумақтарымен аяқтады. Айта кетейік, сессияда Президент мемлекеттің дамуына кедергі жасайтын мәселелер төңірегінде ой өрбітті.

776 рет қаралды

Пікір жазу