"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ LED АРҚЫЛЫ КӨРСЕТІЛЕДІ

Сәрсенбі, 03 Мамыр 2017 11:37

 

Елордада AstanaArtFest фестивалі кезінде "Бәйтерек" монументі алдындағы LED-дисплейлер арқылы "ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылу салтанаты тікелей эфирде көрсетілмек. Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінде Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Басқарма басшысының сөзінше, Астанада "Нұржол" бульварында III халықаралық "AstanaArtFest-2017" арт-фестивалі өтеді. "Нұржол" бульвары AstanaArtFest фестивалінің өнер көрмесіне айналады. Бұл шара елорда тұрғындары мен қонақтарының ең сүйікті фестивальдарының бірі. Екі жылда фестивальге әлемнің 10 мемлекетінен 78 мың сүретші қатысса, оны тамашалаған көрерменнің саны жарты миллионнан асып кетті", - деді Мажағұлов. Оның айтуынша, фестивальге дүниежүзінен келген қылқалам шеберлерімен қатар, дизайнерлер, арxитекторлар, музыканттар мен режиссерлер қатысады. Дайын туындылар 1 маусымнан бастап орнатыла бастайды, ал фестивальдің ашылуы 10 маусымға белгіленіп отыр. Жалпы ЭКСПО-2017 көрмесі барысында 647 мәдени шара өткізілгелі отыр.  "Мәдени-көпшілік шаралар қалада жаз бойы өтетін болады. Жоспарланған шаралар түрлі форматтарда өтпек. Онда концерттер, көрмелер, отбасылық шаралар, театрландырылған және цирк қойылымдары болады. Ал "ЭКСПО-2017" көрмесінің ашылу мен жабылу салтанаттары "Бәйтерек" монументі, қалалық алаңда және "Студенттік" саябақта орнатылатын үлкен LED-дисплей арқылы тікелей эфирде трансляцияланады", - деді ол.

442 рет қаралды

Пікір жазу