15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ЛЕНТА ХАЛЫҚТЫҚ АКЦИЯҒА АЙНАЛУДА

Жұма, 05 Мамыр 2017 11:25

 

Қазақстанда Жеңіс күніне арналған ұлттық нақыштағы мерекелік лента халықтық акцияға айналып келеді. Мереке күні қарсаңында аталған «Жеңіс лентасы» акциясын қолдаушылар саны арта түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 

Айта кетерлігі, Астанада Жеңіс күні қарсаңында ел игілігі мен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін өз өмірін қиған жандарды, соғыс жылдарын және олардың ерліктерін есте сақтап қалуға бағытталған «Жеңіс лентасы» жыл сайынғы шарасы ұйымдастырылады. Биыл патриоттық акция аясында ленталар 6-9 мамырда сағат 10:30-дан 18:30-ға дейін қаланың бірнеше нүктесінде, соның ішінде «Бәйтерек» монументінің, «Хан Шатыр», «Mega Silk way» сауда ойын-сауық орталықтарының маңында, қалалық алаңда және Студенттер саябағында таратылады.

Тоқтала кететін жайт, Қазақстанда Жеңіс күнін мерекелеудің символын жасау мақсатында жаңа патриоттық лента жасалды. 2015 жылы Жеңіс лентасы ресми жаңартылып, жаңа дизайнда таныстырылған болатын.

Жеңіс лентасы - аспан көк түсті және ортасында алтын түсті ұлттық өрнек элементтері пайдаланып жасалған жібек маталы лента.  Қазақстандық «Жеңіс лентасы» бейбітшілікті сүйетін еліміздің ашық аспанын, сұм соғыс жылдарындағы ата-бабаларымыздың ерен ерлігін білдіреді.

492 рет қаралды

Пікір жазу