24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АЛЕН ДЕЛОН КҮЗДЕ КИНОДАҒЫ МАНСАБЫН АЯҚТАЙДЫ

Сейсенбі, 09 Мамыр 2017 14:23

 

Француз актері Ален Делон өзінің мансабын күзде режиссер Патрис Леконттың түсірілімінен кейін аяқтайтынын мәлімдеді.  Бұл туралы бельгиялық ақпарат агенттігі хабарлады. «Бұл менің ең соңғы фильмім болмақ: боксшылар шамадан тыс айқасқысы келмейтін секілді, мен де артық лентаға түскім келмейді», - деген 81 жастағы актер сөзін  келтіреді агенттік. Делонның айтуынша, соңғы кинода - оның жасындағы кейіпкер 50 жастағы әйелге ғашық болып қалғандығы туралы махаббат оқиғасы бейнеленеді. Пассияның рөлін Жюльет Бинош сомдайды. Соңғы рет Делон экранда 10 жыл бұрын «Олимпиада ойындарындағы Астерикс» (Astrix aux jeux olympiques, 2008) фильмімен шыққан еді.

332 рет қаралды

Пікір жазу