"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН КАНН ФЕСТИВАЛІНДЕ ҚОНАҚТА

Бейсенбі, 18 Мамыр 2017 14:34

 

Бүгін отандасымыз Димаш Құдайберген Францияда өтіп жатқан атақты Канн фестивалінің қызыл кілемінен жүріп өтті. Бұл туралы әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов өзінің Фейсбуктағы жеке парақшасында жазды. Айта кетейік, Канн кинофестивалінің 70 жылдығы аясында тұңғыш рет қазақстандық киноға арналған ұлттық павильон ашылды. Аталған павильон ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің қолдауымен орнатылған болатын. Биылғы Канн фестивалі аты аңызға айналған Клаудия Кардиналеге арналады. Клаудия Кардинале - белгілі италиялық актриса. Ол "Фицкарральдо", "Сегіз жарым" сияқты көптеген кинокартинада ойнаған.

468 рет қаралды

Пікір жазу