"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«АНАҒА АПАРАР ЖОЛ» ФИЛЬМІ ГРЕКИЯДА КӨРСЕТІЛМЕК

Сейсенбі, 23 Мамыр 2017 05:50

 

Қазақстан жаңалықтары режиссер Ақан Сатаев «Анаға апарар жол» Грекия Мамырдың 24 күні Грекияның Ахарнон қаласында Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастарының 25 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және «Новый мир» ЖШС-мен бірлесе түсірілген «Анаға апарар жол» фильмі көрсетіледі. Мәдени іс-шараны еліміздің Грекия Республикасындағы Елшілігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұйымдастырып отыр. Естеріңізге сала кетсек, режиссер Ақан Сатаев түсірген фильм XXXVIII Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде және «Еуразиялық көпір» атты фестивальге қатысып, бас жүлдені иемденген болатын. Сонымен қатар актриса Алтынай Нөгербек «Үздік әйел адам рөлі» номинациясында жеңіске жетті. Биыл бұл туынды Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырған «Сыншылар таңдауы» жүлдесінде үш бірдей жүлдені иемденді. Атап айтсақ, Алтынай Нөгербек «Ең үздік актриса», Аружан Жазылбекова «Екінші пландағы үздік актриса» номинациясын жеңіп алса, «Фильмге жазылған үздік музыка» номинациясын аталған фильмнің композиторлары Әлім Заиров пен Роман Вишневский иемденді. Сондай-ақ кинотуынды жақында ғана Бішкекте өткен «Ақ ілбіріс» атты VI ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды.

255 рет қаралды

Пікір жазу