24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ӘЛЕМГЕ ТАНЫСТЫРУ ЖАЙЫ КАНН ҚАЛАСЫНДА АЙТЫЛУДА

Сейсенбі, 23 Мамыр 2017 14:40

 

17-28 мамыр күндері аралығында Францияның Канн қаласында 70-ші Канн кинофестивалі өтуде. Қазақстанның алғашқы  павильоны Фестивальдер сарайының жанындағы Le Village International кинонарығының аумағында орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Еуразия» Халықаралық кинофестивалі ұйымдастырушы комитетінің тікелей басшылығымен ашылған Қазақстанның Ұлттық павильоны фильмдер мен түрлі жобаларды таныту бойынша кәсіби кездесулер мен сұхбаттар өткізуге мүмкіндік берді. Халықаралық фестиваль аясында Канн қаласының мэрі Давид Лиснард (DavidLisnard) қазақстандық делегацияны қабылдады. Кездесуге Қазақстан Республикасының Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Дәненов, Қазақстандағы Франция елшісі г-н Этьен, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов,  Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, «Евразия» ХКФ Президенті Айман Мұсақожаева, Кинематографиялық өнер мен ғылымдар ұлттық академиясының президенті Рашид Нұғманов,  «Евразия» ХКФ қолдаушысы Human Development Group компаниясының негізін қалаушы және ұйымдастырушылық комитет төрағасы Асқар Бекбаев қатысты. «Канн кинофестивалі аясында біз Канн қаласының мэрі Девид Лиснардпен кездестік. Кездесу барысында қазақстандық мәдениетті әлемдік деңгейде насихаттауға қатысты бірқатар сұрақтар талқыланды. Бұл рухани жаңғыру бойынша Президенттің тапсырмаларымен үйлесімін табады», - деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов. Кездесу барысында ынтымақтастық болашағы бойынша тақырыптар қозғалып, мәдениет және туризм саласындағы екі елдің өзара тиімді ынтымақтстығын кеңейту мәселелері талқыланды. Кездесу қатысушылары стратегиялық серіктестік екі елдің мәдениет саласына оң әсерін тигізетіндігін атап өтті.  Халықаралық деңгейдегі әлемнің ең беделді кинофестивальдерінің аясында Қазақстан павильонының тұсаукесері еліміздің киноөндіруші мемлекет ретіндегі беделін нығайтып, киноөндіріс саласында әріптестік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Сондай-ақ, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастық экономикалық қана емес, екі елдің кино саласындағы қарым-қатынастарының нығаюына әсер ететіндігін атап өтті. Павильон жұмысы ұлттық фильмдерді бірлесіп өндіру мен қаржыландыруға әріптестерді тартуға, тәжірибе алмасу мен қазақстандық киноөндірістің жаңғыруына, туризмнің дамуына септігін тигізетін болады.

219 рет қаралды

Пікір жазу