"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН «ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ТАНЫМАЛ ӘНШІСІ» АТАНДЫ

Жұма, 26 Мамыр 2017 11:33

 

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Бейжің қаласында «OK!Magazine China» жұлдыздар журналының бесжылдық мерейтойына арналған кеште «Жылдың ең танымал әншісі» номинациясы бойынша марапатталды.     

Бұл туралы әнші Instagram-дағы өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «OK журналының шешімі бойынша «Жылдың ең танымал әншісі» жүлдесіне ие болдым! Барлық Dears-тарыма және BG Talent-қа үлкен раxмет!!», - деп жазды ол. Айта кетейік, қазақстандық жас дарын мерейтойлық кеште «Memories That Can'tTake Away» әнін шырқады. Танымал әнші-актерлер туралы «OK!Magazine» журналының алғашқы саны 1993 жылы Англияның Лондон қаласында жарық көрді. Ол күн сайын әлемнің 13 елінде шығады. Журналдың қытайлық нұсқасы 2012 жылдан бастап оқырманға жол тартты. Айта кетейік, 24 мамыр күні Димаш Бейжің қаласында «Тосынсыйға толы туған күн» атты кешке қатысып, өзінің туған күнін қытайлық жанкүйерлерімен бірге қарсы алды. Қазақтың жас әншісі Қытайдың «Singer - 2017» байқауына қатысып, әлемге танымал болды. Әнші бұған дейін «China Top music Awards» сыйлығының 24-інші рәсімінде «Азияның ең танымал әншісі» және «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталған болатын.

394 рет қаралды

Пікір жазу