24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СҰЛУ ЖЕРЛЕРІ ШЕТЕЛДІК РЕЖИССЕРЛЕРГЕ ҚАЛАЙ ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ? ...

Сейсенбі, 30 Мамыр 2017 13:02

 

Қазақстанның сұлу табиғатын шетелдік режиссерлерге таныту мақсатында арнайы кинокомиссия құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Канн фестивалінің қазақстандық павильонында Еуропа мен Азия кинокомиссияларымен осындай келіссөздерге қол жеткізілді. Ұлттық кинематография өнері және ғылымдары академиясының президенті Рашид Нугмановтың сөзіне қарағанда, жақын арада Қазақстан халықаралық кинокомиссиялар одағына енген жағдайда Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр алқапта шетелдік түсірілім топтарының саны артуы керек. «Канн фестивалінде бірқатар маңызды келісімдер жасалды. Оның бірі - кинокомиссия құру. Қазақстан үшін бұл жаңашылдық, бірақ әлемдік қауымдастық үшін ол бұрыннан бар. Бұл ұйым жергілікті әкімшілік органдар мен Қазақстанда түсірілім жүргізу қызметін көрсететін кинематографиялық ұйымдармен келісім жасайды. Әрдайым біздің бай табиғат, пейзаждар мен керемет ландшафттар туралы айтамыз. Қазақстанға әр жерден түсірілім топтарын тартуымыз керек, бірақ ол қолымыздан әзірше келмей отыр, себебі осындай кинокомиссияларды құрып, халықаралық кинокомиссиялар одағына кіруіміз шарт. Олар өздігінен келмейді, оларға түсірілім жүргізуге сай келетін елдер ұсынылады. Сондықтан біз Еуропа мен Азия кинокомиссияларымен әріптестік орнату туралы келіссөздер жүргіздік. Қазір біз Мәдениет және спорт министрлігімен, әкімдіктермен белсенді жұмыс атқарудамыз. Жақында Алматы әкімдігімен меморандумға қол қою жоспарымызда бар. Осы бастамамыз кең етек алса дейміз, себебі Қазақстанның шығысынан батысына дейін, оңтүстігінен солтүстігіне дейін керемет жерлеріміз бар. Түсірілім топтарын өз жерімізде көптеп көреміз деп үміттенемін», - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетейік, 2017 жылдың 17-28 мамыр күндері өткен 70-ші мерейтойлық Канн фестивалінің аясында отандық кинематография тарихында алғаш рет Қазақстанның ұлттық кинопавильоны ашылған болатын.

191 рет қаралды

Пікір жазу