24Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Н. НАЗАРБАЕВ «АЛЖИР» МУЗЕЙІНДЕ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Сәрсенбі, 31 Мамыр 2017 12:47

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысы Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» музейінде болып, саяси-қуғын сүргін құрбандарына тағзым етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «31 мамырда біз саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске аламыз. Репрессия барлық КСРО аумағында өтті. Қазақстанға келетін болсақ, мұнда 103 мың адам сотталып, 25 мыңы атылды. Қазақ зиялыларының қаймағы, ел басшылары түп-тамырымен жойылды. Олар барша Қазақстан бойынша салынған 11 лагерьдің қабырғасында ауыр азаптардан көз жұмды.

 

 

Онда миллионнан астам адам тұтқында болды. КСРО аумағынан 1,5 миллионнан астам адам Солтүстік Кавказдан, Кореядан, Балтық елдерінен, Украинадан, Ресейден Қазақстанға жер аударылды. Осылайша, біз көпұлтты елге айналдық. Олардың барлығына Қазақстан туған үйге айналды, қазақтар құшақ жая қарсы алды. Содан бері басымыз бірлікте, татулықта қосылған бір xалыққа айналдық. Сондықтан бұл оқиғаны xалқымыз әрдайым жадында ұстауы тиіс», - деді Президент.   Айта кетейік, 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамыр Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін - мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі екендігі шындық. Өйткені, әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Ал сол бір қасіретті жылдарды есте сақтау бүгінгі және келер ұрпақтың парызы екендігі сөзсіз.   Еске сала кетсек, Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2007 жылғы 31 мамырда Ақмол ауылында «Отанын сатқандар» әйелдерінің бұрынғы Ақмола лагерінің орнында ашылды. Бүгінде айтулы мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициядан, сондай-ақ «Еске алу қабырғасынан» құралған. Мұражайдың экспозициялары өзінің материалдық құжаттарымен саяси қуғын-сүргін тарихын, жазалау институттарының әрекет ету тетіктерін көрсетеді.

214 рет қаралды

Пікір жазу