"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЭКСПО-ҒА БИІКТІГІ 3 МЕТРЛІК АСЫҚ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Дүйсенбі, 12 Маусым 2017 10:31

 

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ЭКСПО көрмесіне алып асықты сыйға тартты.  Алып дүниені жасап шығуға 50 мың кәдімгі асық пайдаланылған, оның ұзындығы - 4 метр, ал биіктігі - 3 метр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Болат Тағабай әлемдегі ең көп асық жинаған әрі ұлттық ойынды насихаттаушы ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген қазақ. Ол ШҚО-ның Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай әулие мұражайының директоры.  Автор алып асықты құрастыруға алты ай уақыт жұмсаған. Алдымен елу мың асықты жуып кептіруге - екі ай, одан сым темірмен конструктор мүсінін тоқуға тағы екі ай кеткен. Автор алып асығын алдағы күндері жұмыс сапарымен Өскеменге барғалы отырған Елбасыға сыйға тартуды көздеп отыр.

Оның айтуынша, елімізге келген шетелдік туристерге қазақтың ұлттық құндылықтарын паш ететін осындай дүниелер көп болуы керек. «Алдағы үш айда дүйім жұрттың назары Астанаға ауады. Бұл қазақты әлемге танытудың бір жолы. Имидждік дүние деп атауға да болады. Алып асығым ЭКСПО-ға келген қонақтардың көзайымына айналады деп сенемін», - деді алып асықтың авторы. Айта кетейік, Б.Тағабайдың асық жинай бастағанына 16 жыл болған. Бүгінде оның қоржынында 100 мыңға жуық асық бар. Оның 50 мыңынан елордаға келгелі отырған алып асық құрастырылды. Бұл дегеніміз 25 мың қоймен пара-пар.

336 рет қаралды

Пікір жазу