24Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚОРҒАЛЖЫҢ ҚОРЫҒЫ ЭКСПО ҚОНАҚТАРЫН ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

Бейсенбі, 22 Маусым 2017 11:53

 

Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЭКСПО қонақтарын қабылдауға әзір. Бұл туралы аймақ басшысының өңірге жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі. Қорғалжын ауданына жұмыс сапарын аймақ басшысы Сабынды ауылындағы  «МЕТ-777» серіктестігінің жылыжай шаруашылығын көруден бастады. Өткен жылы серіктестік екі жылыжайдан алғашқы қияр мен қызанақ өнімін жинап, сатуға шығарған екен. Биыл қосымша жылыжай құрылысын салуды жоспарлап отыр. Серіктестік директоры Марат Жүнісовтің айтуынша, 2020 жылға дейін жалпы қуаты жылына 150 тонна өнім жинауға  жететін  12  жылыжай салынбақ.  Жоба құны  238 миллион теңгені құрайды.  Қазіргі күні «Даму»  кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық қорымен жобаны несиелендіруге байланысты келіссөз жүргізілуде.

 

 

Өңір басшысы бұдан кейін «Бакара» ет комбинатында болып, жергілікті нарықты ғана емес, Елорданы ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның жұмыс жайын көрді. Серіктестік басшысы Серік Рахымбаев өндіріс жайын жан-жақты айтып берді. Қазіргі күні ет комбинаты қырыққа тарта шұжық өнімдері мен салқындатылған ет өндірісін жолға қойған. «Халал» технологиясы бойынша жұмыс істейтін кәсіпорында германиялық қазіргі заманғы құрылғылар орнатылған. Өткен жылы 3000 тонна өнім өндіріпті, ал 2018 жылы толық қуатына шығып, жылына 5000 тонна ет өнімдерін өндіретін болады. Облыс әкімі Астананың азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасын орындауда маңызды орын алатын кәсіпорын өндіріс қарқынын үдетіп, көлемін ұлғайтуға  көңіл бөлуі керектігін, облыс әкімдігі өз кезегінде қажетті қолдау мен көмекті жасайтынын атап көрсетті. Өңір басшысы сондай-ақ, ұлттық ерекшеліктерімен сәулеттендірілген визит орталығында болды. Мұнда қырық адамға шақталған асхана жұмыс істейді. Қазақтың оюлы, сәнді киіз үйі тігіліп, онда келген қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылады және түнеп шығуларына да мүмкіндік бар. «Қорғалжын мемлекеттік қорығы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне  келушілердің туристік бағытына енгізілген. Шетелдік қонақтарға аймағымыздың қайталанбас табиғи байлықтарын көрсету қажет»,  - деді әкім.

586 рет қаралды

Пікір жазу