19Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

EXPO КӨРМЕСІНІҢ ҚОНАҚТАРЫ КҮН ЭНЕРГИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жұма, 23 Маусым 2017 08:40

 

ЭКСПО халықаралық көрмесінің қонақтары күн энергетикасымен танысуға мүмкіндік алды. «Нұр Әлем» ұлттық павильонына келушілерге осы саладағы озық жетістіктер паш етілді. «Нұр Әлем» павильонының 6-қабаты күн энергиясы тақырыбына арналған. Алаң басты үш экспозициядан тұрады. Қонақтар бірінші инсталляцияның ішіне кіріп, күн жүйесінің жұмыс ырғағымен таныса алады. Мұнда оның құрылысы мен жанында қандай үдерістер болып жатқаны айқын көрсетілген. Құрылғыны әзірлеушілер іштегі ауа температурасын жоғарылатып, келушілерге күннің жылуын сезінуге мүмкіндік берді.

Сәуле Сағатова, Алматы қаласының тұрғыны: – Біз осында Алматыдан келдік. Бәрі ұнап жатыр. Жақсы әзірленген. Бүкіл халықты ұлттық павильонымызды көруге шақырамын. Павильонда заман талабына сай технологиялар да аз емес. Мәселен, мұнда голландиялық студенттер ойлап тапқан автокөліктерді тамашалай алады. Техника отынсыз-ақ күн көзінен қуаттанып қозғалады. Алаңда тұрған модельдер макеті болса да, қазір шетелде бұл темір тұлпарлар белсенді пайдаланылып жатыр.

 

 

Айбек Мұхамбеков, стендші: – Бұл күн автомобилі Германияда жасалынған. Жылдамдығы – 120 км/сағ. 500 шақырым жерді өте алады. Мына жерде күн автомобильдерінің макеттері ұсынылған. Яғни сіз айналарды қолданғанда машиналар өз бетімен жүре алады. «Нұр Әлем» павильонының алтыншы қабаты балалардың сүйікті жеріне айналды десек қателеспейміз. Мына стендте олар өз қолымен сутегі атомдарын соғыстыру арқылы энергияға қол жеткізе алады. Энергияны шығару процесі күннің ядросында, яғни температурасы 15 миллион градусқа жететін жерде жүреді. Бұл құрылғы ең кішкентай келушілердің физика химия сынды ғылымдарға деген қызығушылығын арттыратыны күмән туғызбайды.

Дарын Аллаберген, қала тұрғыны: – Көрмеге бірінші рет келдім. Алтыншы қабатқа көтерілдім. Бұл жерде күн энергиясы, күн жүйесі туралы көп заттарды білдім. Күн адамдарды жылытады, барлық жерлерге пайдалы. Айта кетейік, Қазақстанда күн энергиясының ресурстары жетіп артылады. Әзірге табиғаттың бұл сыйы толыққанды қолданылып жатпаса да, мамандар елдің бұл саладағы әлеуеті зор деген пікірде. Қазірдің өзінде көптеген ғимараттың шатырына күн батареялары орнатылған. Кішігірім күн электростансалары да саудаға шығарылған. Сондықтан бұл бағытта еліміздің болашағынан үлкен үміт күтуге толық негіз бар.

 

www.24.kz

713 рет қаралды

Пікір жазу