13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

EXPO-2017: ҚАНДАЙ МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТЕДІ ?

Жұма, 23 Маусым 2017 09:00

 

Астана-2017 кешеннің батыс бөлігінде орналасқан Амфитеатр – көрменің басты ойын-сауық алаңы. Алаңның негізгі міндеті – концерттік және көңіл көтеретін шараларды (театрландырылған көріністер, шоу, танымал әртістердің өнер көрсетуі), сондай-ақ ерекше мәні бар күндерді атауға арналған арнайы шараларды өткізу. Оның жабық сахнасы мен аудитория орналасатын ашық территориясы бар. Алаңда өтетін шараны 6 000 адам тік тұрып тамашалай алады.

Қазақстанның өнер қайраткерлері, әншілер мен дәстүрлі музыка шеберлері  және әлемдік аренадағы мәдениет жұлдыздары көрме қонақтарының көңілін көтереді. Мәдени шараларға билет бағасы 1000-28000 теңге аралығында болады. Ескере кететін бір жайт, кейбір шараға билет алғанмен, қосымша ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағына сол күнге кіру билетін алу міндетті.

Көрме аумағында 10 маусымнан 10 қыркүйеккке дейін 4 қуаттың қазіргі заманмен: Адамзаты күн, жер, су және жел беретін қуатты табиғи энергия көздерін қолданудан үлкен пайда алуды үйренген әлем; Қазақстанның олардың алуан түрлілігіне ие болуы, Орталық Азия халықтарының жанасуы және Көрме барысында жүзден аса елдің жанасуын білдіретін "Кешкі салтанатты сап" өтеді. 

 

 

Қазақстандағы MTV жобасы - Жер шарының 350 миллион тұрғыны көрермені болып табылатын, әлемге әйгілі брэндтің тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға! Әрқашан толы стадиондар мен миллиондаған телевизиялық аудиторияны жинайтын ең танымал музыкалық жобаның бір бөлігі болу әрбір актер мен әрбір көрермен үшін  үлкен құрмет және шынайы мереке!

Көрермендер үшін керемет сыйлық , Сфера үстіндегі шоу - лазерлерді, проекцияларды, шамдарды және музыканы қамтитын 10 минуттық таңғалдырарлық сәулелер және су шоуы.

10 маусымнан бастап Көрме қонақтарына отбасы және балаларға арналған іс-шараларды, ересектерге арналған кәсіби және білім беру бағдарламаларын, инклюзивті сабақтар мен экскурсияларды қамтитын өнер және білм беру бағдарламалары ұсынылатын болады. Іс-шаралар Арт орталығының аумағында өтеді. Көрмені ұйымдастыру үшін "Grand Palais" Францияның Ұлттық Мұражайлар Бірлестігі (Париж) мен "Garage" қазіргі заманғы өнер мұражайы шақырылды (Мәскеу). 

 

 

«Gakku: Future Energy of the Earth» және «Gakku: Future Energy of the Sun» атты екі концерт Astana Expo 2017 көрмесінің қонақтарын түрлі музыкалық жанрлар мен стильдердің жарқын өкілдерімен таныстырады. Концерттер «жер энергеясы» мен «күн энергиясы» тақырыбының стилімен өтеді және бір «энергия» түріне арналған қойылымымен ашылады. Сценаны рәсімдеу, графикалық контент, арнайы би қойылымдары мен костюмдер, сондай-ақ таңдаулы әртістер осы концерттерді бірегей және қайталанбас шоу етіп жасайды. Мoldanazar, Әли Оқапов, Жанар Дұғалова, Динара Сұлтан, Нұржан Керменбаев, «Ayumi» тобы, «Кеш You» тобы, «Rin’go» тобы, «NINETY ONE» тобы және басқа жиырмадан астам әртіс. 

 

 

Астана күні - Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі. 2017 жылы Отанымыздың жүрегі, маңызды шешімдердің және егеменді Қазақстанның көрнекті жетістіктерінің ұстаханасы Астана өзінің 19 жылдығын атап өтеді. . Астана күні құрметіне көрменің аумағында сол күні өткізілетін барлық іс-шаралар аясында негізгі болатын, кең ауқымды концерт ұйымдастырылады.

 

 

«Дәстүрдің жаңа өмірі» атты классикалық концерт сериясынан. 20, 21, 22, 23 шілде күндері Алексей Франдеттидің балама ұсынылымындағы Н. Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің энергиясына қосылыңыз. Қазақстанның үздік солисттерінің заманауи орындаушыларымен бірлескен музыкалық орындаулары I fly. Концерттің «Батылдық» деп аталатын бірінші бөліггінде оркест көрермендерді Қазақстанның ұлы композиторлары Нұрғиса Тілендиев пен латиф Хамидидың шығармаларымен таныстырады. Екінші блокта әртістер "Шахерезада" қойылымын Империялық орыс балетінің жетекшісі Гедиминас Таранданың қойылымында ұсынады.

NO MAD KARMA - белгілі қазақ композиторы, әнші, «URKER» тобының көшбасшысы Айдос Сағаттың жаңа Қазақстан-Британ музыкалық жобасы. «Экспо-2017» көрмесі үшін NO MAD KARMA поп музыка тобы инновациялық мультимедиялық шоу дайындауда. Бұл «Болашақ энергиясы» тақырыбына, жалпы планетамыздың қауіпсіздігі, тазалығы мен саулығы үшін әрбір адамның жаһандық жауапкершілігіне арналады.

 

 

«Дәстүрдің жаңа өмірі» атты классикалық концерт сериясынан. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Шабыт» концерті Алексей Франдеттидің балама ұсынылымында. Музкы энергиясы мен жастықтың, қазақстандық шығармашылықтың жаңа буынының дарын қуатының үйлесімін сезініңіз. Бұл жерде біз классикалық концерт нағыз шоу болатынына көз жеткіземіз. Біз шығармашылық бәсекелестік драйвы мен орынды қалжыңды сезе білеміз. Бірге біз аралас музыкалық жанрлар мен бағыттардың легінде боламыз. 23, 24, 25 тамыз күндері амфитеатр сахнасында консерватория студенттері, түлектері мен оқытушылары, оқу орнының симфониялық және халықтық оркестрлері, шетелдік қонақ-музыканттар мен Қазақстан халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жания Аубакирова өнер көрсетеді.

Бұдан бөлек, еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қаласының мәдени күндері өтеді.

Бұл аталған мәдени шаралар кейбірі ғана, толық бағдарлама өте кең ауқымда жоспарланған және онда шетелдіен келген қонақтардың қойылымдары өте көп.

849 рет қаралды

Пікір жазу