"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

EXPO КӨРМЕСІН 300 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАМАШАЛАДЫ

Жұма, 23 Маусым 2017 12:20

 

Соңғы мәлiметке сәйкес, EXPO-2017 көрмесiн 300 мыңнан астам адам тамашалаған. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есiмов Еуразиялық Медиа Форумның ашылу рәсiмiнде айтты. 

«Шараға деген қызығушылық жоғары. Бүгiнгi таңда көрменi 300 мыңнан астам адам тамашалаған. Ал ЭКСПО-ның барлық нысандарына 2 миллионнан астам адам барған. Яғни, осы қарқын сақталса, көрменiң тiркеу құжатында қабылданған көрсеткiшке оп-оңай жетемiз. Бұл көрсеткiш 2 млн адам және 5 млн келiп кету санын құрайды», - дедi Ахметжан Есiмов.

Атап өтсек, форум ЭКСПО аумағында бой көтерген «Конгресс-орталық» ғимаратында өтiп жатыр.

Еске салсақ, 115 мемлекеттiң қатысуымен өтiп жатқан халықаралық шара 10-шы маусымда өз жұмысын бастады. Бүгiн көрменiң 13-шi күнi.

Бұған қоса 19 маусым күні «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов: «Осы уақытқа дейін павильондарға адамдардың кіріп-шығу көрсеткіші 1 млн 57 мыңнан асқан. 

 

 

«Бір қонағымыз бір күннің ішінде 5-6 павильонды көріп үлгереді. Біздің есебімізге сәйкес, осы уақытқа дейін көрмені 26 мыңнан астам шетел азаматы тамашалады. Ол барлық қонақтың 13 пайызын құрап отыр. Көрмеге 10 мыңнан астам 6 жасқа дейінгі бала, 2 мыңнан аса мүгедек пен ҰОС-ға қатысушы және соларға теңестірілген адамдар келді», - дейді Бейбіт Қарымсақов. 

Оның сөзіне қарағанда, көрмені тамашалаған оқушылар мен студенттердің де қарасы көп.

«14 мың адам ол - оқушылар, студенттер мен зейнеткерлер. Қазіргі динамикаға қарасақ, көрмеге келетін адамдардың саны күн сайын артып келеді. Мысалы, алғашқы күні 17 мың адам келсе, өткен жұмада 34 мыңнан астам адам келді», - деп атап көрсетті компанияның басқарушы директоры.

Сонымен қатар 280-нен астам ойын-сауық бағдарламасы, 50-ден астам хаттамалық іс-шара өткен.

Айта кетейік, жоспар бойынша Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне келіп-кететін адамдардың саны 2-2,5 млн болады. Ал павильондарды көріп кету көрсеткіші 5 млн-ға жетуі тиіс. Себебі бір адам кем дегенде екі рет келіп кетеді деген болжам бар.

448 рет қаралды

Пікір жазу