20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АСТАНАДА «ШАБЫТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Дүйсенбі, 06 Қараша 2017 08:13

 

Елордада жастардың «Шабыт» халықаралық фестивалі басталды. Осымен 20-рет өтіп жатқан шараның алғашқы күнінде қатысушылар «Цирк өнері» номинациясы бойынша бақ сынасты. Бас жүлдеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Латвиядан келген өнер майталмандары таласты. Олар әуе акробатикасы, эквилибристика, клоунада және дрессура жанрларын паш етті. Сайыстың жеңімпаздарын қазылар алқасы қарашаның 6-сы күні анықтайды.

Бақыт Бөкебаев, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры: - Цирк жанры бойынша екі топқа бөлінген. А тобына және Б топтарына. Бүгін А бөлімін қарап, ертең Б бөлімін қарағаннан кейін, үшінші күні арнайы гала-концертте екі турдан өткен жастардан арнайы бағдарлама құрамыз. Сол бағдарлама бойынша үшінші күні жеңімпаздар анықталатын болады.

Перизат Сайрамбай, қатысушы:  - Мен дрессировка нөмірімен жұмыс істеймін. Иттерім бар. Олар ағылшын пудельдері. Олар санайды, секіреді, билейді, аяқтың арасынан өтеді.

www.24.kz

101 рет қаралды

Пікір жазу