20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚ ЭПОСТАРЫНЫҢ ҮЗІНДІЛЕРІ ЕУРОПА САХНАЛАРЫНДА ҚОЙЫЛМАҚ

Жұма, 10 Қараша 2017 11:17

 

 

Қазақ мюзиклдары Еуропа сахналарында қойылмақ. Бұл туралы бүгін «Қазақстан» ОКЗ-да өткен «Рухани жаңғыру - ұлттың жаңғыруы» атты дөңгелек үстелде «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Асхат Маемиров мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Біздің ұжым 1 желтоқсаннан бастап Еуропаның ірі қалаларын аралап, өнер көрсетпек. Басты мақсатымыз -  қазақстандық мәдениетті жаһандық аренаға алып шығу. Астана мюзикл театры операмен үйлестіріп, эпостардан үзінділер жасап, ұлттық інжу-маржандарымызды, қазақ мюзиклдарын Еуропа сахналарына алып шықпақшы», - деді  Асхат Маемиров.  

 

 

Сондай-ақ, ол Елбасымыздың рухани құндылықтарды арқау еткен бағдарламалық мақаласының ЮНЕСКО-ның бас штаб-пәтерінде кеңінен талқыланғанын тілге тиек етті. Айта кетейік, ұлттық рухымызды дәріптеуге арналған шараға абайтанушы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Омар Жәлелұлы, айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы қатысты.

97 рет қаралды
Осы категориядағы басқа материалдар: « АСТАНАДА «ШАБЫТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Пікір жазу