13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАСҰЛАН ӘБДІХАЛЫҚ ТЕЛЕАРНА ДИРЕКТОРЫ

Бейсенбі, 23 Қараша 2017 09:48

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін абыроймен атқарған Жасұлан Әбдіxалық «Jambyl» облыстық телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы белгілі журналист, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің департамент директоры, ұлттық арнадағы «1-студия» қоғамдық-саяси ток шоуының жургізушісі Берік Уәли өзінің фэйсбуктегі парақшасында жариялады. 

 

 

Аталған жазбада «Інім, əріптесім, досым Жасұланды жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймын! Ол Жамбыл телеарнасын осыдан 15 жыл бұрын қатардағы тілші болып аттаған. Содан редакторлық, дикторлық, аға редактор қызметтеріне сатылап өсіп телеарнаның бас редакторы – директордың орынбасарлығына дейін жетті. Аға буын журналистерден тəлім ала жүріп, талай тілшіні тəрбиеледі. Меншікті тілші деген қызметтің майын ішті. Ұлттық арнаның, Хабардың, 24.kz-тің Жамбыл, Ақмола облыстарындағы тілшілер қосынын басқарды.

«Хабардың»орталық жаңалығында қызмет етті. Қай арнада болмасын өз биігін жоғалтқан жоқ. Ал, соңғы үш жылда үш үлкен саланың баспасөз қызметін басқарып мемлекеттік қызметке төселді. Жасұланның жақсы қасиеті тəуекелшіл. Талай жігіт жүрексінген ОҚО баспасөз қызметіне шақыруымды қабыл алып,  Көкшетаудан келіп білек сыбанып кірісіп кетті. Бірлесіп үлкен жұмыстар атқардық. Одан «Нұр Отан» партиясында нағыз саяси науқанда (Мәжіліс сайлауы) бірге еңбек еттік. Соңғы қызметі Ауыл шаруашылығы министрлігінде баспасөз-хатшысы, қоғаммен байланыс басқармасын басқарды.

Енді міне журналистикаға қайта оралып, туған жеріндегі теларнаны түлетуге жол тартты. Ерлан Қарин мырзаның кадр таңдаудағы шеберлігіне тағы да тəнті болдық. Бұған дейін Қостанай филиалына Еркін Таңатқанды басшылыққа жібергенде қуанып едік. Екеуіде еңбек жолдарын туған жердегі телернадан бастап, сол өңірдің ыстық-суығын жетік білетін, орталықта тəжірибе жинақтаған білікті мамандар. Ал Жасұлан бауырым, жортқанда жолың болсын! Сенімді ақтап, ұлтыңа, жұртыңа қызмет етуден жалықпа», делінген.

136 рет қаралды

Пікір жазу