"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Т. СЫЗДЫҚОВ ӨСКЕМЕНДЕ БОЛДЫ

Жұма, 10 Сәуір 2015 16:37

 

Бүгін ҚКХП ұсынған Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов Өскемен қаласындағы «Защита локомотив жөндеу ДЭПО-сы» жұмысшылар ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды. Кездесу кезінде кандидат батыстық стандарттар мен тұтынушылық мәдениеттің теріс ықпалына тоқталып өтті. «Бүгін буындары қатып үлгермеген әлемнің барлық жастары батыстық киімдерді киеді, шетел әуендерін тыңдайды, голливудтық фильмдерді және сериалдарды көреді. Мұның барлығы – жай бос уақыт өткізу емес, бұл тұтыну мәдениетінің жалпыға бірдей таралу үрдісі. Дәстүрлі адами құндылықтарды насихаттауды жоққа шығарып, жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, жалпы материализм мен азаматтық немқұрайдылыққа әкеледі», - деп атап өтті кездесуде Тұрғын Сыздықов. «Батыс сән үлгісінің ең қауіпті көріністері - компьютерлік ойындар, фильм-блокбастерлер, сапасыз әдебиет арқылы кең таралған зорлық-зомбылық, қаталдылық культтері. Шектеулі тұтынушылыққа тәрбиелейтін жаппай зорлық-зомбылық насихаты жастарды өз торына түсіріп, ақыл-есінен, адамгершілік қаситеттерден айыруда. Сол арқылы адам өмірі құнсызданып барады. Әрбір екінші батыстық фильм, бейнеклип немесе әуеннің астарында қатыгездік, енжарлық, немқұрайлылық, іс-әрекетке деген жауапсыздық белгілері жатыр», - деді Т.Сыздықов.
«Мықты моральдік негізі, түп тамыры, ұлттық санасы, қандай да бір діни ұстанымдары мен ұлттық рухани идеялары болмаса ол елдің болашағы да жоқ.
Мемлекеттің басты байлығы – оның адамдары. Салауатты, зайырлы ұлт қағидаттары адамдарға нәресте шағынан сіңдірілуі керек. Балалар тек қана пайдалы тағамдармен қоректеніп, дене шынықтырумен айналысып, сезім, сыйластық және құрмет сияқты отбасылық құндылықтарды танып өсуі керек»- деп атап өтті кандидат.
Сонымен қатар ҚР президенттігіне кандидат Т. Сыздықовтың Шымкент қаласындағы сайлауалды штабы атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Насихат жұмыстарының барысы туралы сайлауалды штабтың жетекшісі Нұрлан Қадырқұлов айтып берді. Штаб жетекшісінің айтуынша, насихат жұмыстары жүргізіліп, студенттер және еңбекші ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, штаб кеңсесі журналистер және бақылаушылар үшін әрдайым ашық, үгіт насихат материалдарымыз жеткілікті және кандидаттың сайлауалды тобының мүшелері керекті кеңестерді беруге әзір. Сондай-ақ, штаб кеңсесі журналистер және бақылаушылар үшін әрдайым ашық, үгіт насихат материалдарымыз жеткілікті және кандидаттың сайлауалды тобының мүшелері керекті кеңестерді беруге әзір.

 


ҚКХП Республикалық сайлауалды
штабының баспасөз қызметі
Тел.: 8 (7172) 78-47-96
+7778 888 24 34, +7 701 461 78 58
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , www.knpk.kz

1464 рет қаралды

Пікір жазу