"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АЙМАҚТАРДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАН ПРОБЛЕМАЛАР ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ – Н. НАЗАРБАЕВ

Бейсенбі, 16 Сәуір 2015 14:48

 

Су басу жағдайынан туындаған проблемалар шешіледі. Бұл туралы бүгін Астанада тілшілерге берген сұхбатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. Биыл кейбір өңірлерде қиын жағдай туындағанына, яғни Қазақстанның бірқатар облысында ауа-райының күрт жылынуынан қар тез еріп, су тасқынының болуына байланысты Елбасы: «Біз 15 мың адамды қауіпсіз жерге көшірдік. Әрине, мал, тұрғын үй, материалдық шығын бар. Біз ол жайында білеміз. Осы орайда 5,5 мың адам мен 1,5 мың техника су басудан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуде»,-деді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы абырой болғанда су тасқыны салдарынан адам шығыны болмағанын айта келе, бұл тұрғыда төтенше жағдайлар қызметкерлері, құтқару қызметтері ерен еңбек етіп жатқандығын атап өтті.
«Құтқару қызметтеріне өз атымнан үлкен алғыс айтамын. Облыс әкімдерімен үнемі байланыстамын. Қарағанды облысына 1 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі кезде су деңгейі төмендеп келеді. Осы проблеманы шешеміз, алаңдаудың реті жоқ. Барлық тиісті шаралар қадағаланып жатыр. Осы мәселені шешуде барлық күштер мен мүмкіндіктер бар»,-деді Президент.
Мемлекет басшысы Ақмола және Павлодар облыстарында бірнеше ауылдарды су басқандығына тоқтала келе, бұл тұрғыда осы елді мекендердің тұрғындары көмектен тыс қалмайтындығын қадап айтты.

1056 рет қаралды

Пікір жазу