"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН «ЖІГЕР. АБЫРОЙ. САНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «БЛОГИАДА-2015» ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Сәрсенбі, 23 Желтоқсан 2015 11:15

«Нұр Отан» партиясының Баспасөз орталығында қазақ блогерлері арасында шілде айында бастау алған «Блогиада-2015» жарысының қорытынды рәсімі болып өтті. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Жігер.Абырой.Сана» қоғамдық қоры ұйымдастырған шара «Сапалы контентке — Миллион!» ұраны аясында өткізілді. 

 

 

Жарысқа ШҚО, ОҚО, Қарағанды, Атырау облыстары және Алматы, Астана қалаларынан 12 блогер қатысты. Блогиада  барысында 5 ай ішінде Қазақ Хандығы, Спорт, Девальвация, Әлеуметтік медиа, Ақпараттық қауіпсіздік, Конвергентті журналистика, Инновация және де басқа тақырыптарда жүзге жуық пост жазылды. Бес айлық марафонның нәтижесінде 1-ші орынды блогерлік қырымен де танымал ОРТ-Еуразия телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Маралбек Сағынғанов иеленді. 2-орын танымал блогер Мерей Ермұхановтың қанжығасында. Ал 3-орынды Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері Әйгерім Тоқсанбек пен Назерке Абибулла бөлісті. Бас жүлде иесіне 1000000 теңге, 2-орынға 500000, 3-орындарға (екі 3-орын) 250000 теңгеден сыйақы табысталды. 

 

 

Айта кетейік, блогиада — қазақ блогерлерінің жазба жарысы. Биыл екінші рет өткізіліп отыр. Байқау ережесіне сәйкес, әр апта сайын белгіленген тақырыптар бойынша блогерлер өз блогтарында жазба жазды. Блогиада әділ қазылары бұл жазбаларды техникалық және мазмұндық тұрғыда бағалады. Қазылар құрамы Ерлан Оспан, Асхат Еркімбай, Асқар Базарбай сынды танымал ардагер блогерлерден құралды.

nurotan.kz.

971 рет қаралды

Пікір жазу