"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

САЙЛАУ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕССТЕРДІҢ КӨРСЕТКІШІ

Жұма, 19 Ақпан 2016 11:35

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Парламенттік сайлау: жаңа шынайылық дабылдарына жауап ретінде» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны факультет деканы ф.ғ.д., профессор Әлия Масалимова ашып, кезектен тыс өткелі отырған сайлаудың мәні мен маңызына тоқталды. «Парламенттік сайлау еліміздің саяси жағдайына оңды ықпалын тигізері даусыз. Сынға түскелі отырған азаматтар бұған дейін өз саласының нағыз мамандары ретінде танылған жандар. Сондықтан мен жастарды өз таңдауларын жасауға, белсенді болуға шақырамын», – деді ол. Бұл ойды сайлау науқанының ерекшеліктері жайлы баяндама жасаған профессор Е.К.Aлияров та қолдады. Ол: «Биылғы сайлау науқаны еліміздің саяси өміріне көп өзгерістер әкелгелі отыр. Мерзімінен бұрын өткелі отырған бұл шара бірнеше қауіптің алдын алып, еліміздің экономикалық жағдайына оң әсерін тигізбек. Сайлау бүкіләлемдік мәселеге айналып отырған дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру мақсатында да ұйымдастырылып отырғандығын түсінуге тиіспіз», – деген пікірін ортаға салды. Іс-шара барысында саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Насимова: «Сайлау – Қазақстандағы саяси процесстердің көрсеткіші», – дей келе, жиынға қатысқан студенттерді кезектен тыс өткелі отырған сайлауға белсенділікпен атсалысуға үндеді. Сондай-ақ дөңгелек үстел аясында үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілуі мен дұрыс таңдау жасауға байланысты «Сайлау алдындағы жергілікті тұрғындардың көңіл-күйін анықтаудың әлеуметтік әдістері», парламенттік сайлаудағы Қазақстандықтардың электоралды мәдениетінің ерекшеліктері, саяси жүйені демократияландыру мен сайлау кезіндегі жастардың рөлі хақындағы бірқатар сұрақтар төңірегінде баяндамалар тыңдалды.

937 рет қаралды

Пікір жазу