28Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ЗООБАҒЫНЫҢ КЕМШІЛІКТЕРІН АТАДЫ

Сәрсенбі, 18 Мамыр 2016 14:13

 

«Нұр Отан» партиясы «Алматы зообағына әлеуметтік көмек» қоры қызметінің жеткілікті дәрежеде ашық еместігін мәлімдеді. Бұл туралы бүгін Алматы зообағының қызметін тексеру бойынша Жұмыс тобының отырысы барысында осы топтың мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуров мәлім етті. Оның айтуынша, жұмыс тобы зообақта бірқатар кемшіліктердің бетін ашқан. Мысалы, хайуанаттар бағының басшылығы мен ветеринарлық қызметі өздеріне жүктелген міндеттерді жеткілікті атқармайды. Вольерлер мен инфрақұрылымдар ескірген. Кадрлық саясат лайықты ойластырылмаған. Жануарларды түгендеудің бірыңғай жүйесі жоқ. 
Одан басқа, бизнесмен, меценат Райымбек Баталов 2014 жылы құрған «Алматы зообағына әлеуметтік көмек» қорының қызметіне қатысты да бірқатар сын-ескертпелер айтылды.

«Жұмыс тобы қордың мерзімді басылым беттерінде жариялаған есеп-қисабы туралы ақпаратты іздеп таппады. Соған қарап-ақ, қор қызметінің жеткілікті дәрежеде ашық еместігін айтуға болады», - деді С. Канкуров.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Райымбек Баталовтың жеке қаражатынан мәлімделген 50 млн. теңгенің хайуанаттар бағының қажеттілігіне жұмсалғандығы туралы ақпарат толық еместігін айтты. Бұл соманың жұмсалуы туралы ақпарат қордың шоттарын тексеру барысында да расталмаған. Оның үстіне Қор мен хайуанаттар бағы басшылығы арасында нақты үйлесімді әрекет жоқ.

«Біз аталған мәселелерді жүйелі түрде шешіп, зообақ басшылығы пен қор қызметінің ашықтығын арттыруға күш салуымыз қажет. Алматы әкімдігі зообақтың қызметін жақсарту бойынша бірқатар шешімдер қабылдады. Соларды бірі ретінде айтар болсам, «Алматы зоологиялық бағы» мемлекеттік кәсіпорны Алматы қалалық мәдениет басқармасының қарамағынан ауыл шаруашылығы басқармасының қарамағына берілді», - деді С. Канкуров.

413 рет қаралды
Осы категориядағы басқа материалдар: « «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫНДА АУЫС-ТҮЙІС...

Пікір жазу