15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Бекболат Тілеуханның жеке сайты іске қосылды

Дүйсенбі, 03 Маусым 2013 09:46

Қазақ интернетінің қазіргі даму қарқынын әркім әртүрлі  бағалап жүр. Біздің интернет кеңістігімізде ру-тайпаның атын қойған сайттар да, жеке адамның сайттары да ашылған. Сондай жеке адамдардың аты  қойылған сайттардың бірі www.btleuhan.kz  сайты. Алашқа танымал Бекболат Тілеуханның сайты. Біраз жұрт мұндай сайттың бар екендігін біліп те қалған. Бірақ, бүгін сайт ресми түрде іске қосылды

 

Дәлірек айтсақ, бұл сайт  Бекболат Қанайұлының еңбегі мен шығармашылығына арналған дүние. Әйтпесе, Бекболат Тілеуханға  жарнаманың қажеті шамалы екендігін жұрт біледі. Сайттың  редакторы  белгілі журналист Бүркіт Нұрасыл. Сайтқа Бекболат Тілеуханның әндері, сұхбаттары, түрлі ойлары қойылыпты. Елге қажет дүниелер.
«Халқына қамал, антына адал осы бір азаматты жұрт елден бөлек қазақилығы, шыншылдығы үшін сүйеді. Құрметтейді, төбесіне көтереді. Алайда шындықты айтқанның бәрі  сүйікті бола бермейді. Реті келсе күйе жағып «кәкәй» етіп жібергісі келіп тұратындар да жоқ емес. Біреу үшін ол ұлт жанашыры, халқына шын берілген тау тұлға болса, тағы біреулер үшін одан асқан қауіпті адам жоқ. Мүлдем қарама-қайшы екі көзқарас. Қысқасы, досы мен қасы айналасынан тез-ақ табыла кететін жан-жақты өнер иесі...
Сайттың мақсаты – Бекболат Тілеуханды жарнамалау емес. Мақсатымыз – Алашқа үлгі болып жүрген Бекболаттай азаматтарды қалқан ете отырып биік мінберге халықтың ойын, мұң-мұқтажын  жеткізу. Жеке ел болып, етек-жеңімізді жинадық дегенмен, әлі де шешімін таппаған мәселе көп. Ол кісінің Парламент Мәжілісінің депутаты болып тұрған кезінде көтерген оқулық сапасы, ұлт намысы, ұлт болашағы, тіл, руханият, ұрпақ мәселесі әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Қала берді қара қазақты қара шаңырағына оралту мәселесі тағы бар. Тоқырап қалған қазақтың көшін жандандыру мәселесі тағысын, тағылар...» депті  сайттың редакторы Бүркіт Нұрасыл. Бұл сайттың бағыт-бағдарын дәл көрсетіп тұрған пікір. Бастысы, бұл сайт демотиватор емес. Қияңқы пікірді өршітіп, елді алауыз қылатын да  дүние емес. Кәдімгі салиқалы, айтары бар сайт болмақ. Ендеше, жаңа сайтқа «қазақ интернетінің кетігіне кірпіш болып қаласын»  деген тілек  білдіреміз.
Жебе-ақпарат

3753 рет қаралды

1 пікір

  • Джохангир Джохангир Жұма, 15 Қараша 2013 15:40

    қазаққа жаны ашитын, жемқорлық пен қылмыскерлер жайлаған мына қоғам бағытын оң жолға салатын,жүз жылда біртуар азамат қашан келер екен ортаға......

Пікір жазу