28Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖОЛ-КӨЛІК ЗАҢСЫЗДЫҚТАРЫН ЕНДІ «WHATSAPP» -ПЕН ХАБАРЛАУҒА БОЛАДЫ

Жұма, 11 Қыркүйек 2015 05:54

 

Бұдан былай қазақстандықтар көлік саласындағы заңдылықтың бұзылуы туралы «Salem» және «Whatsapp» қызмет-мессенджерлері арқылы хабарлай алады. Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлады. «Тұрғындармен байланыс орнату және көлік (автомобиль, темір жол және су) саласындағы заңдылықтың бұзылуы туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында заңсыз құжаттар талап ету, тасымалдаушылар және жолаушылардың құқығын бұзу фактілері бойынша +7 708 088 08 00 нөміріне «Salem» және «Whatsapp» қызмет-мессенджерлері арқылы тұрғындардан хабарлама алу әдісі іске қосылды. Сонымен қатар, көлік (автомобиль, темір жол және су) саласындағы заңдылықтың бұзылуына куәгер болсаңыз + 7 7172 75 47 75 нөміріне қоңырау шалуға және +7708088 08 00 нөміріне смс-хабарлама жолдауға болады», - делінген хабарламада.

747 рет қаралды

Пікір жазу