20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АСТАНА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР– КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ ФИЛЬМДЕРІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

Сәрсенбі, 23 Желтоқсан 2015 10:03

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңында қазақстандық – Кеңес Одағының Батырлары туралы фильмдер сериясының көрсетілімі өтті. «Қазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары» бейнеантологиясын «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде Еуразиялық Топпен (ERG) бірге, Қазақстан Республикасы кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары Орталық мемлекеттік мұрағатының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы жасап шығарды.  

 


Жобаның мақсаты - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық қаһармандардың ерлігін мәңгі есте қалдыру, сондай-ақ, тарих беттерінде жазылып қалған бабаларымыздың батырлығы мен біздің отандастарымыздың бүгінгі ұрпақтың бейбіт келешегі үшін қосқан өлшеусіз үлесін жас буынға үлгі етіп көрсету. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері, БПҰ өкілдері, «Жас Ұлан» Республикалық мектептің курсанттары, Астана қаласының жастар ұйымдарының өкілдері мен студент жастар қатысты. Фильмнің көрсетілімінде әр ардагер ERG тарапынан дәрі-дәрмек сатып алуға сертификатқа ие болды.

 

 

 

 

Бейнеантология ұзақтығы 8-10 минуттық қазақ және орыс тілдеріндегі қысқаметражды 70 деректі фильмдерден тұрады. Олардың іске қосылуы 6 мамырдан «Астана» телеарнасында бастау алды. Фильмдерді дайындау барысында Қазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырларының жеке істері сарапталып, жетекші тарихшылармен түпнұсқалығы тексерілді. Бүгінгі күнге дейін 611 Қазақстандық - Кеңес Одағының Батырлары жайлы ақпарат бекітілген. Жобаны іске асыру үшін сценаристердің, режиссерлардың кәсіби тобы, тарихшы-кеңесшілер тартылды. Сондай-ақ, бейнеантологияда Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ орындаушыларының музыкалық шығармалары жұртшылыққа паш етілді. Эпизодтарда мұрағаттық бейне кадрлары мен қатар, 2D және 3D графикасының визуалдық әсері болды. Сондай-ақ, бейнероликтер антологиясымен жұмыс істеу үшін «Нұр Отан» партиясы жинаған материалдар пайдаланылды: құжаттар, қаһармандардың хаттары, марапаттау қағаздары; кинохроникадан алынған кадрлар мен мұрағаттық суреттер; энциклопедиялар, тарихи әдебиет, мерзімді басылымдар және басқалары.


nurotan.kz.

993 рет қаралды

Пікір жазу