28Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЕАЭО МЕН ВЬЕТНАМ КЕЛІСІМІ ЕРКІН САУДАҒА БАҒЫТТАЛҒАН

Бейсенбі, 11 Ақпан 2016 07:17

 

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң қабылданды. Құжат енді Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады. Келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Вьетнам арасындағы сауда байланыстарын дамытуға және нығайтуға бағытталады. Бұл өз кезегінде тауарларды өзара ілгерілету мен өзара инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызуға мүмкіндік береді. Құжат аясында тауарлардың көпшілігі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Вьетнам арасында бажсыз сауда режимі белгіленеді. Кейбір тауарлар бойынша өзара саудада импорттық кедендік бажды жою жөнінде өтпелі кезең де айқындалып отыр. Ал сезімтал тауарлар бойынша өзара саудада импорттық кедендік бажды қолдану мүмкіндігі де сақталған. Бұдан бөлек, келісім зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғау бойынша тараптардың міндеті бекітілген. Бәсекелестікті қорғаудың бірыңғай қағидаттары белгіленіп, қатысушы елдердің кедендік қызметтерінің, мемлекеттік органдарының, техникалық, санитариялық және фитосанитариялық реттеу үшін жауаптылардың арасындағы тығыз ынтымақтастықтың негізін қалайтын болады.

541 рет қаралды

Пікір жазу