20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНА ЖЕР АЛУ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

Жұма, 12 Ақпан 2016 07:30

 

Агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істейтін  субъектілеріне жерлерді кадастрлық құнының 50 пайыздық мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiк бағамен 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы алуға болады.  Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті директорының орынбасары Гүлжахан Бимендина мәлім етті. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық экономика министрлігімен «100 қадам» Ұлт жоспарының 35 қадамын іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беруді ынталандыру үшін «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы»  ҚР Заңы әзірленді.   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) Жер кодексіне түзетулер енгізілді. «Жаңа құқықтық нормалар агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істейтін  субъектілеріне олармен жалға алынған жерлерді кадастрлық құнының 50 пайыздық мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiк бағамен 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы алуға болады», - деді Гүлжахан Бимендина.

Сонымен қатар, шетелдік инвесторларға да преференциялар белгіленген: шетелдік компаниялар үшін жерді жалға беру мерзімі 10 жылдан  25 жылға дейін ұзартылған. Жер кодексіне енгізілген түзетулер де мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке аукцион арқылы беру көзделген. Жер учаскелері ҚР жеке және заңды тұлғаларына жеке меншік құқығымен мынадай ретпен аукциондарда сату арқылы беріледі:  жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы;  егер екі аукционның қорытындылары бойынша учаске сатылмаса, онда ол учаскенің бағасын кадастрлық құнының белгіленген ең төменгі шегіне (кадастрлық құнының 50 %) дейін төмендетуді көздейтін аукционға қойылатын болады. Мұнымен қоса, жалға берілген жер учаскелерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын ұсыну ескерілген. Жер пайдаланушыларға бұрын берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау мерзімі аяқталғанға дейін 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы, олардың кадастрлық құнының 50 пайыз мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiк бағамен жеке меншікке сатып алуға құқық береді. Г. Бимендина Заңмен енгізілген өзгерістер 2016 жылғы 1 шілдеден күшіне енетінін атап өтті. 

Оның пайымыншща, Заңның қабылдануы аграрлық сектордың дамуына, жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ ауыл шаруашылық өндірісіне қосымша инвестицияларды тартуға мүмкіндік туғызады.

987 рет қаралды

Пікір жазу