28Маусым2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АЗАМАТТАРДЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ ҚҰНСЫЗДАНБАЙДЫ – БЖЗҚ ТӨРАҒАСЫ

Жұма, 19 Ақпан 2016 09:20

 

Азаматтардың зейнетақы жинағы құнсызданбайды. Бұл туралы БЖЗҚ төрағасы Руслан Ерденаев Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында хабарлады. Басқарма төрағасы салымшылардың алаңдауына еш негіз жоқ деді. «Зейнетақы жинақтары елдің ішкі нарығында пайдаланылады. Азық-түлік, коммуналды төлем төлеу. Яғни, жинақталған соманы инфляция өлшейді. Адам зейнетке шыққасын, оның жинаған сомасы инфляция деңгейінде көтеріледі. Сондықтан, көп жағдайда салымшылар арасында бөлінетін жылдық инвестициялық табыс деңгейі инфляциядан жоғары болады. Мұндай кепілдік көп елде қарастырылмаған», - деді Р.Ерденаев. Оның айтуынша, қазір Қазақстан бұрынғы зейнетақы жүйесінен жеке жинақтаушы жүйесіне көшіп барады. «2020 жылдан соң зейнет жасына жететіндердің зейнетақысы салған ақшасына байланысты болады. Егер ол ақша мардымсыз деп тапса, жеке тұлғалар ерікті шот ашып, оған да ақша сала берсе болады. Немесе банк депозиттері, сақтандыру өнімдері түрінде сақтауға болады», - деді басқарма төрағасы. Қазақстандықтардың зейнетақы жинағының сомасы 5,83 трлн теңгеге жетті. 2015 жылы міндетті зейнетақы жарнасының сомасы 657,6 млрд теңге болды. БЖЗҚ-ға түскен инвестициялық табыс 761,40 млрд теңгеге жетті. Бұл сома барлық салымшыларға бөлініп салынды.

530 рет қаралды

Пікір жазу