"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАС АГРАРШЫЛАР «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

Жұма, 10 Маусым 2016 13:58

 

9 маусымда Ақмола облысындағы «Родина» агро шаруашылығында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен жас аграршылардың «Ауыл шаруашылығы: Жастар. Еңбек. Жетістік» атты кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Фархад Қуанғанов, «Родина» ЖШС агрофирмасының директоры И.Сауэр және жас аграршылар қатысты.

Кездесу ашық пікірталас алаңына айналып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жас аграршылар жер реформасы бойынша Елбасы бастамаларын бірауыздан қолдайтынын мәлімдеді. 

 

 

Сонымен қатар, қатысушылар ауыл  шаруашылығын дамытуды мемлекет тарапынан қолдау түрлерін: жеңілдікті кредит, грант, көмекқаржы, «Қазақстанда жасалған» брендін қалыптастыру мен нарықта жылжыту, халықаралық тәжірибе негізінде ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізу сияқты мәселелерді талқылады. Шара барысында жас аграршылар ауыл шаруашылығында жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелесін пысықтап, тәжірибелерімен бөлісіп, басқа аймақтарда өз өнімдерін өткізетін серіктес табуға мүмкіндік алды.

 

 

«Мемлекетіміз ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер үшін жеңілдікпен салық салу, несиелеу,  субсидиялар, сондай-ақ, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын жалға арзандатылған бағамен беру сияқты түрлі бағдарламалар қарастырды. Сондықтан да, Қазақстан экономикасының тұғыры болып табылатын ауыл шаруашылығын әрі қарай дамыту біздің, жас аграршылардың алдында тұрған басты мақсатымыз. Өйткені ауыл шаруашылық саласының болашағы – біздің қолымызда», - деді, Қарағанды облысының жас аграршысы Біржан Иманов.

 

 

Ал Ақмола облысының ауыл шаруашылығын дамытуға ат салысып жүрген Ёлкин Константин сөйлеген сөзінде туған жері Қазақстанмен өзінің де, өз балаларының да болашағын байланыстыратынын ерекше атап өтіп: «Біз, тәуелсіз Қазақстанның құрдастары, Елбасымыздың ұстанған саяси бағытын бүтіндей қолдап, ауыл шаруашылығын жетілдіру мен жер қатынастарын реттеу шараларын жүзеге асыруға көмек көрсетеміз», - деді.
Жас кәсіпкерлер ауыл шаруашылығында еңбек етуге ынта білдірген әрбір қазақстандыққа шексіз мүмкіндіктер беретін Елбасы саясатының арқасында өздерінің жетістіктеріне қол жеткізгендерін атап өтті.

Шараға жас ауылшаруашылық мамандары, «Нұр Отан» партиясының басшылығы, ЖҚ «Жас Отан» белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.

 

nurotan.kz

613 рет қаралды

Пікір жазу