20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША 31 702 ГРАНТ БӨЛІНДІ

Сәрсенбі, 22 Маусым 2016 10:20

 

Биыл жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік 31 702 грант бөліп отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Оның ішінде сырттай бөлім үшін 300 грант қарастырылса, жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне – 2500 орын, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін – 450 орын бөлінген.
Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінен 3 162 грант «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» (Серпін-2050) бағдарламасы бойынша, оның ішінде 1000 грант - педагогикалық, 1717 – техникалық, 345 – ауыл шаруашылығы және 100 орын медициналық мамандықтарға қарастырылған.

Мемлекеттік тапсырыс аясында қабылдау үшін Назарбаев Университетіне (700), А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне (200), М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалына (125), Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филилалына (45), Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне (500), Қаржы академиясына (50) және Қазақ-Британ техникалық университетіне (200) мақсатты орындар бөлінді.

Сондай-ақ, педагогикалық мамандықтарға – 5000, гуманитарлық ғылымдар – 700, құқық – 100, өнер – 170, әлеуметтік ғылымдар – 700, жаратылыстану ғылымдары – 1470, техникалық ғылымдар және технологиялар – 12593, әскери іс және қауіпсіздік – 60, медициналық мамандықтар – 3000, ауыл шаруашылығы және ветеринария – 2690 грант бөлініп отыр.

Магистратурада мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс 7429 орынды құраса, оның ішінде бейінді магистратураға 3000 грант бөлінген.

Бұдан бөлек, PhD докторантурадағы мемлекеттік тапсырыс 628 бірлікті құрап, оның ішінде 43 орын Назарбаев Университетінің үлесіне берілген.

702 рет қаралды

Пікір жазу