"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚР ҮКІМЕТІ МЕН БҰҰДБ БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШЕТІН БОЛАДЫ

Сейсенбі, 30 Мамыр 2017 12:38

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы (БҰҰДБ) арасындағы «ТКШ саласындағы орта және шағын бизнесті дамыту және инвестициялық тартымдылықты арттыруға арналған тұрғын үй қатынастарының жүйесін жетілдіру» атты бірлескен жобаны іске асыру туралы Келісімге қол қойылды. 

 

 

Жобаның мақсаты – тұрғын үй қорын басқару және күтіп-ұстауға шағын және орта бизнесті (ШОБ) тарту арқылы ТКШ секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру болып табылады.

Қазақстанда бүгінгі таңда шамамен 80 000 көппәтерлі тұрғын үй ғимараттары тіркелген. Ғимараттардың 1/3 бөлігі жөндеу жүргізуді қажет етеді. Көптеген ғимараттардың жылумен қорғаудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты терможаңғыртуды талап етеді. ШОБ осы мәселелерді шешудің локомотиві бола алар еді, алайда аталған салаға айтарлықтай назар аударылып отырған жоқ. 

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әсіресе оның сегменттерінің бірі – көппәтерлі тұрғын үй қоры – бұған дейін коммерциялық инвестициялар үшін пайдаланылмаған болашағы бар нарық болып табылады. Алайда, бұған тиісті нормативтік-құқықтық және институционалдық жабдықтау қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰДБ арасындағы бірлескен жаңа жобасы -  тұрғын үй заңнамасына қажетті өзгерістерді, толықтыруларды әзірлеумен, тұрғын үйлерді кәсіби деңгейде басқаруға ауысу үшін жағдай жасау және секторға инвестицияларды тартудың әртүрлі механизмдерін сынақтан өткізумен айналысуды жоспарлап отыр. 

 

 

Осы мәселелерді шешу қалалардағы және тұрғылықты елді-мекендерінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, ТКШ жүйелерінің тұрақты қызмет етуіне, тұрғын үй секторындағы энергия тиімділігін ілгерілетуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін болады.

ҚР ИДМ мен БҰҰДБ арасындағы бірлескен жоба 2018 жылдың аяғына дейін іске асырылады. Жобаның жалпы бюджеті 650 млн.теңгеден асады.

Аталған жоба, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған, ал қабылданатын шешімдер тұрғындардың масылдығын төмендетуге ықпал етеді.

 

Анықтама:

Бүгінгі таңда, ТКШ саласы ҚазОрталығының ақпараты бойынша көптеген мәселелерді шешуді талап етеді, оның ішінде:

Үйдің кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өтпеуі. Қазіргі күні 78 мың көппәтерлі тұрғын үйлердің ішінде 21 мың үй ғана тіркелген, яғни 27% құрайды. Осыдан шығатын ой 70% көппәтерлі тұрғын үйлер заңсыз түрде басқарылады және ортақ мүлікпен жасалған келісімдердің заңдық күші жоқ;
басқару формасының көптүрлілігі. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес үйлерді басқару төрт формада қарастырылған. Талдау көрсеткеніндей, бүгінгі күні үйлердің басым бөлігі осы қызметке тікелей қатысы жоқ өндірістік, тұтынушылық кооперативтермен басқарылады.
Объективті басқарудың болмауы. Көптеген басқарушы компаниялар болашағы бар міндеттерді жоспарлауға тырыспайды, ресурсты үнемдеуге, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүдделілік танытпайды.
Алайда, ТКШ ҚазОрталығы осы мәселелерді шешу пәтер иелері өздерінің үйлерін басқаруға өз беттерінше қатыспайынша ахуалды өзгерту мүмкін емес. Қоғамдық сананы өзгерту және  өздерінің үйіне деген қатынасты өзгерту үшін «тұрғын үйдің тиімді иесін» қалыптастыру қажет.

ТКШ ҚазОрталығы «Бір үй – бір бірлестік – бір есеп-шот» приципі бойынша  көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа үлгісінің пилоттық режимін бастады. Мұндай жағдайда бірлестіктер ретінде пәтер иелері шығады, осы орайда үйді күтіп-ұстауға есеп-шот ашады, бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асыратын кәсіпкерлерді тартады. Пилоттық режим Шымкент, Қызылорда, Степногорск және Астана қалаларында басталады.

Сонымен бірге, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының бастамасы бойынша Е-Тұрғын республикалық бірыңғай ақпараттық жүйесі ашылады, ол Egov электрондық Үкіметімен интеграцияланған болады. Аталған жүйе басқару органдарының қызметін бақылауды қамтамасыз етуге арналған кешендік шешім болмақ. Портал «Onlline» режимінде жұмыс істейтін, ол тұтынушылармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін болады.

Осылайша, ТКШ ҚазОрталығы АҚ қызметкерлері ТКШ саласындағы пилоттық жобаларды іске асыру үшін әдістемелік, кеңес беру және басқа да қолдауларды көрсетеді.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын одан әрі дамыту үшін құрылды. Қоғамның миссиясы – нормативтік-құқықтық актілерді және нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру, ақпараттық-сараптамалық қызметтерді көрсету, инвестициялық жобаларды іске асыру, коммуналдық кәсіпорындарды оңалту және инновациялық әрі ресурсты үнемдеу технологияларын енгізу, ТКШ саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, энергияны үнемдеу мәселелері бойынша тұрғындардың сауатын арттыру арқылы ТКШ жаңғырту мен дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға көмектесу болып табылады.

1556 рет қаралды

Пікір жазу