25Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «НҰРЛЫ ЖОЛ» ВОКЗАЛЫН АШТЫ

Сәрсенбі, 31 Мамыр 2017 12:44

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Нұрлы жол» жаңа вокзалын аралап, кешеннің мүмкіндіктерімен танысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Президент аталмыш вокзал посткеңестік елдерде теңдесі жоқ екенін атап өтті. «Мен Астананың мақтанышына айналатын жаңа нысандарды аралап жүрмін. Бұл 3,2 млн адамға қызмет көрсетіп жүрген және 2025 жылы 8 млн адамды қамти алатын әуежай. Биыл және болашақта қызмет көрсету сапасы артып, мүлдем басқа болады.

 

 

Бүкіл Еуропа мен Азияны аралауға мүмкіндік беретін жаңа әуе маршруттары ашылып жатыр. Мына вокзал да посткеңестік кеңістікте жалғыз. Сіздер білесіздер, біз Қазақстанның барлық өңірлерін жылдамдығы жоғары "Тальго" пойыздарымен жалғадық», - деді Президент. Вокзал кешені алты деңгейлі, жалпы аумағы 126 мың шаршы метрлік ғимарат. Вокзалда алты жолдың торабы кіріп отыр. Ол тәулігіне 35 мың жолаушыны қабылдай алады. Вокзал жолаушылар ағынын, кезегін, қауіпсіздігін, электронды билет сату процесін интеллектуалдық басқару желісімен қамтылған. «Вокзал ресми түрде бүгін ашылғанымен, іс жүзінде ертең, 1 маусым күні алғашқы жолаушылар жолға шығады. Пойыз маршруттары мен уақыты бекітілді. Жолаушылар билет сатып аларда ақпараттандырылды», - деп xабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ вокзал шаруашылығын дамыту және пайдалану департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев тілшілерге берген сұxбатында. Бірінші және екінші қабатта 740 көлікке арналған автотұрақ бар. Сонымен қатар ол жерде қызметтік-теxникалық бөлмелер орналасқан. Үшінші қабатта - шатыр астында перрон орын тепкен. Төртінші қабат ең негізгі болып саналады. Мұнда басты кіреберіс пен 10 билет кассасы, анықтама бюросы, сауда орындары бар. Бесінші қабатта фуд-корт орналасқан. Алтыншы қабатта әкімшілік кеңселер болады. «Сонымен қатар вокзалда ана мен бала бөлмелері, қонақ үй, медициналық пункт бар. Вокзалдың қауіпсіздігіне де көп көңіл бөлінген. Ғимаратта адамдарды тексерістен өткізетін 16 кіреберіс бар. Оның үстіне ақылды жүйемен басқарылатын 510 камера орнатылған», - деді Көрпебаев. Оның сөзінше, «Нұрлы жол» негізінен Астанаға дейін жүретін пойыздар аялдайды. Ескі вокзал басым ретте транзиттік пойыздарды және қала маңындағы аудандарға қатынайтын белгілі бір пойыздарды қабылдайды. «Келесі жылы қаланың орталығын, ЭКСПО, Назарбаев Университеті мен әуежайды қосатын LRT желісі тартылады. Қазір біз қалааралық автобустарға аялдайтын арнайы ғимараттарды дайындап жатырмыз. Олардың өз кассалары болады. Қалалық таксиге де жеке орын жасалады», - деп атап өтті ол.

412 рет қаралды

Пікір жазу