"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ЭКСПО 2017- БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫН» ҚАЗІР 1 МЛН АДАМ КӨРІП ҮЛГЕРДІ

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:51

 

Өткен аптада ЭКСПО-2017 көрмесіне 205 561 адам келіп кеткен.  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың айтуынша, осы уақытқа дейін павильондарға адамдардың кіріп шығу көрсеткіші 1 млн 57 мыңнан асты. «Бір қонағымыз бір күннің ішінде 5-6 павильонды көріп үлгереді. Біздің есебімізге сәйкес, осы уақытқа дейін көрмеге 26 мыңнан астам шетел азаматы келіп кетті. Ол барлық қонақтардың 13 пайызын құрап отыр», - деді Қарымсақов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, көрмеге келген 10 адам - 6 жасқа дейінгі балалар болса, мүгедектер мен ардагерлердің саны 2 мыңнан асты. «14 мың адам ол - оқушылар, студенттер мен зейнеткерлер. Қазіргі динамикаға қарасақ, көрмеге келетін адамдардың саны күн сайын артып келеді. Мысалы, алғашқы күні 17 мың адам келсе, өткен жұмада 34 мыңнан астам адам келіп кетті», - деп атап көрсетті компанияның басқарушы директоры. Айта кетейік, жоспар бойынша Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне келіп кететін адамдардың саны 2-2,5 млн болады. Ал павильондарды көріп кету көрсеткіші 5 млн-ға жетуі тиіс. Себебі бір адам, кем дегенде, екі рет келіп кетеді деген болжам бар. 

 

 

Елімізде өтіп жатқан осы бір маңызды шараның Қазақстанның имиджіне келешекте зор баға берілетінін ескерсек, осы мақсатқа жету жолында қазір көптеген ұйымдар, министрліктер барлық мүмкіндіктерін пайдаланып отыр. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі осы міндетті атқаруға ерекше атсалысуда. Естеріңізге салсақ, «Болашақ энергиясы» тақырыбына ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Қазақстан елордасында 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында өтеді. Көрмеге бүкіл әлемнен 5 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде.

Орасан зор оқиғаға 100-ден астам ел, 10 халықаралық ұйым мен инновациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы компаниялар қатысады. Көрме шеңберінде бүгінгі күнгі өзекті энергияның баламалы көздері мен «жасыл технологиялар» сұрағындағы аса жаңа шешімдерді көрсету күтіледі.

119 рет қаралды

Пікір жазу