13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЭКСПО-2017 АЯСЫНДА 14-ШІ ЕУРАЗИЯ МЕДИА ФОРУМ БАСТАЛДЫ

Жұма, 23 Маусым 2017 07:37

 

 

Елордада 14-ші Еуразия медиа форумы басталды. Биылғы шара ЭКСПО-2017 аясында ұйымдастырылып, көрме аумағындағы жаңа Конгресс-орталықта өтіп жатыр. Халықаралық пікір алаңына әлемнің 60-тан астам мемлекетінен Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен саясаткерлер және сарапшылар жиналды.:

Рауан Мыңбаев, тілші:  – Шараның күн тәртібінде «Жаңа әлемдік тәртіп: қабырға тұрғызамыз ба, әлде көпір саламыз ба?», «Болашақтың энергиясы»: жасыл экономиканың қуаты», «Азия «экономикалық кереметінің» құпиясы», «Сирия дағдарысы: соғыс өрті сөне ме?», «Сандық революция» деп аталатын тақырыптар талқыланады. Форумға Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүл, Нобель сыйлығының лауреаты Раджендра Пачаури, Еуропалық комиссияның бүрынғы президенті  Жозе Мануэль Баррозу сынды мәртебелі меймандар қатысады. Алқалы жиынның ашылу рәсімінде Еуразия медиа форумы ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева биылғы шараның ауқымды және көтерілетін мәселелердің өзекті екенін атап өтті. Жалпы әлемнің әр қиырында геосаяси ахуал шиеленіскен тұста бұқаралық ақпарат құралдарының жедел, нақты әрі шынайы жаңалық таратуы маңызды болып отыр. 

 

 

Сондықтан форумға белгілік әлемнің алпыс мемлекетінен белгілі ғалымдар, журналистер және сарапшылар шақырылды. Олардың қатарында «Russian Today», CNN сынды халықараралық телеарналардың өкілдері де бар. Сондай-ақ қазақстандық ақпарат айдынындағы жетекші еңбек ұжымдары осында. Ал үкімет тарапынан Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және басқа да белгілі саясаткерлер мен сарапшылар қатысатыны күтіліп отыр.

Айта кетейік, Еуразия медиа форумы 2002 жылы Дариға Назарбаеваның бастамасымен құрылды. Мұндағы басты мақсат Батыс пен Шығысты толғандыратын түйткілдердің түйінін тарқату. Форум аясында шеберлік сабақтары да өтіп жатыр. Яғни қатысушылар мұнда өзара тәжірибе алмасып, білім біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алады.

www.24.kz

2249 рет қаралды

Пікір жазу