21Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

БҮГІН АСТАНАДА «ШАНХАЙ АПТАЛЫҒЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Сейсенбі, 04 Шілде 2017 10:48

 

«RadissonBluAstana» қонақ үйінде Қытайдың Шанхайдағы ірі компаниясының көрмесі өтуде. Көрме Шанхайдың халықаралық сауда комитетінің бастамасымен ұйымдастырылып отыр және Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Шанхай арасындағы іскерлік байланысты күшейту және кеңейту. Сонымен қатар, қазақстандық компаниялар мен Астана тұрғындарының назарын бірқатар өнеркәсіп саласының жаңа қондырғылары мен қосалқы бөлшектеріне аудару. 

 

 

Қытай компанияларының Қазақстан нарығына қызығушылығы Астанада өтіп жатқан ЭКСПО көрмесімен және энергетика, баламалы энергетика, автомобиль жасау, құрылыс, химиялық өнеркәсіп сияқты ел экономикасын дамытатын секторлармен байланысты.

Көрме қазақстандық компаниялардың Қытайда әзірленген ең соңғы технологиялармен танысуға және іскерлік серіктестер табуға мүмкіндік береді.

Көрме барысында бірқатар автомобиль саласының жаңалықтары көрсетілді. Ірі азық-түлік өндірушілері мен тоқыма компаниялары Қазақстанның шағын және орта бизнес өкілдері қызығушылығын тудыратын тауарлары мен өнімдерін ұсынады. 

 

 

Бұдан бөлек, құрылыс компаниялары көрмеде шынының неше түрін көрсетеді. Олардың қатарында ультражұқа, диджитал және энергияүнемдеуші сияқты түрлері бар. Химиялық салада жұмыс істейтін компаниялар көрме келушілеріне шаруашылыққа қажетті жаңа өнімдерді ұсынады.

«Шанхай апталығы» көрмесі шілденің 3-мен 5-і аралығында өтеді. Көрмеге кіру тегін.

Мұндай екі мемлекет үшін де пайдалы әрі экономикалық мүддеге ұйымдастырылған көрме бірқатар жаңа жобалардың жүзеге асуына ықпал етері сөзсіз.

Әсіресе, жастар үшін жаңа инновациялық кәсіпорындардың ашылуына, жұмыс орындарының пайда болуына жол ашады. Көрме нәтижесінде өндіріс орындарына арналған ноу-хау жаңа қондырғыларды пайдалануға, оның тиімді мүмкіндіктерін пайдалануға талай кәсіпорындар да қол жеткізеді деп күтілуде.

887 рет қаралды

Пікір жазу