17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҮКІМЕТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Сейсенбі, 05 Қыркүйек 2017 06:57

 

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады.

«Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпаратқа сәйкес, 11 139 білім беру нысаны жөнделді немесе жоспар 100 % орындалды. Денсаулық сақтау нысандары бойынша 6 445 объектіні жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 6 319 объект жөнделіп, жоспар 98 %-ға орындалды. 43 572 тұрғын үйдің 38 433-і немесе 88,2 % жөнделді»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. 

 

 

Жергілдікті атқарушы органдар 10 326 автономдық қазандықты жөндеуді жоспарлаған. Оның ішіндегі 9 736 қазандық (94,3%) жөнделді. Басқа өңірлермен салыстырғанда Астана қаласында (83,3%), Алматы  (84,6%) және Қарағанды облыстарында (90,1%) жұмыс қарқыны төмен екені байқалады.

«Жоспарланған 2113 км жылу желілерінің 2 000 шақырымы немесе 94,7%-ы жөнделді (жылу жүйелерінің барлығы – 12,2 мың км). Ағымдағы кезеңге Ақмола, Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының жылу жүйелерінің дайындығы 85 %-дан төмен»,-деді министр.

Алдағы жылыту маусымында дербес қазандықтарға  1 227 мың тонна көмір және 122 мың тонна мазут қажет. Бүгінгі күні 1 070,6 мың тонна көмір (87,2%) және 63,6 мың тонна мазут (52%) дайындалды. Отын сатып алуы негізгі жоспардан төмен өңірлер бар. Мәселен, көмір ШҚО, БҚО, Қарағанды обылысында,  Ақмола облысында және Жамбыл облысында мазут сатып алу көрсеткіші төмен.

2017 жылғы тамыз айындағы жағдай бойынша тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 13 580 млн. теңгені құрайды.

         Ең көп дебиторлық берешек мынадай өңірлерде сақталып отыр:

-        Алматы қаласы – 3 003 млн. теңге;

-        Маңғыстау облысы – 1 894 млн. теңге;

-        Павлодар облысы – 858 млн. теңге.

-        ОҚО – 3 702 млн. теңге.

«Жалпы, жылыту маусымына дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр және тұрақты бақылауда болады. Жылыту маусымының басталуына дейін барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің жылыту маусымына дайындығын аяқтау, сондай-ақ дербес жылу көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз ету қажет екенін ескере отырып, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жылыту маусымына дайындық мәселесін тұрақты бақылауда ұстауы қажет»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

279 рет қаралды

Пікір жазу