17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Н.НАЗАРБАЕВ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АҚСАҚАЛЫ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕДІ- Р. ЕРДОҒАН

Сенбі, 09 Қыркүйек 2017 10:18

 

Бүгін Ақордада өткен келіссөздер бойынша Қазақстан мен Түркия президенттері бірлескен мәлімдеме жасады. Реджеп Тайып Ердоған өткен жылы Түркияда болған саяси шиеленісті еске алып, осы оқиғадан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың бірден келгені үшін өз ризашылығын білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Осы сапардан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемінің құрметті ақсақалы ретінде өзінің рөлін күшейте түсті... Бізге қолдау жасаған Қазақстан басшысына тағы бір мәрте шын алғысымды айтамын", - деп атап көрсетті Ердоған Түркия президентінің айтуынша, қауіпті ұйымдармен бірлесіп күресудің нәтижесінде бауырлас елдердің бірлігі артады. Сондай-ақ, Ердоған Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлін, Сирия мәселесін реттеу жолындағы ерен еңбегін ерекше атап өтіп, Қазақстан президентін келесі жылы өз еліне ресми сапармен келуге шақырды. Айта кетейік, бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанды қабылдады.  "Түркияның Тәуелсіздігімізбен құттықтағаны әлі есімде", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев

436 рет қаралды

Пікір жазу