13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ ШЫҒЫНДАЛҒАН ҚАРЖЫНЫҢ ОРНЫ ТОЛДЫ – Н. НАЗАРБАЕВ

Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2017 10:42

 

Бүгін Ақордада отандық және шетелдік журналистерге сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің басты жетістігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ең басты жетістік - осы көрмені жеңіп алуымызда. 162 мемлекет өткізгісі келді. Көрмелердің тарихы 100 жылды құрайды. Әр тақырыпта, әр бағытта дүниежүзінде көрмелер өткізіледі. Осының алдында Миландағы көрмені барып көрген едім. Ол әншейін уақытша жасалған ғимараттардың ішінде өтті. Біткеннен кейін барлығын таратып алып кетті. Сондықтан ең маңыздысы, біз жас ел болғаннан кейін Қазақстанды дүниежүзіне көрсете білуіміз керек. Мұның төңірегінде әлі көп жұмыс жасау қажет», - деді Елбасы. ҚР Президентінің атап өтуінше, ЭКСПО-2017 көрмесінің өзегі болған баламалы энергия қазіргі ғылым мен техниканың ең озық үлгісі саналады. «Көрме бітті. Көрме біткеннен кейін ғимараттардың барлығы бекер қалмайды. Біздің павильонымыз Қазақстанның музейі ретінде қалады. Екі павильонда қаржы орталығы болады. Бір павильонда Қазақстанның көрмесі болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, мұнан бөлек, бір павильонда ІТ-стартаптар паркі ашылады. Онда жастарға, ғалымдарға жаңалықтар ашуға барлық мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар тағы бір павильонда мектеп оқушыларын білімге, мамандыққа баулитын орталық болады. «Оны корейлермен бірге жасап жатырмыз. Ол да жастарға пайдалы», - деді Елбасы.

 

 

Қазақстан Президенті көрмеге қанша адам келгенін, оның қандай пайдасы болғанын да айтты. «2 милллион адам келеді деп ойлап едік, 4 миллионға жақын адам келді. Жалпы, ары-бері кіріп шыққан адамдардың саны 25 миллионнан асты. Астанаға, Қазақстанға пайдасы көп болды. 1 400 қазақстандық компания қатысып, құрылыс материалдарын берді, құрылыс жұмыстарына қатысты. Олар 640 млрд теңгенің қаражаты игерді. Қонақ үйлердің, мейрамханалдардың, дүкендер мен концерт залдарының барлығы толды. Олардың барлығы ақша тапты, бизнес көтеріліп, қала бюджетіне үлкен қаржы құйылды. Осының барлығы пайдалы. Негізгісі бүкіл дүниежүзінен, 185 елден адамдар келді, Қазақстанның облыстарынан мүлдем Астананы көрмегендер келді», - деді Мемлекет басшысы.

 

 

Елбасы сонымен қатар, «шығындалған ақша осы жерге  келушілердің, саяхатшылардың есебінен қазіргі уақытта қайтарылды. Осыған дейін атап өткенімдей, Астананың барлық қонақ үйлері, мейрамханалары, концерт залдары мен дүкендері толып, өте жақсы серпін алды. Астана бюджетінің түсімі  осы жылдың ішінде бірнеше есеге артты. Бизнесмендер де өз ақшаларын тапты. Мұның барлығы да елдің қоржынын толықтырды», - деп атап өтті.

321 рет қаралды

Пікір жазу