"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 12:43

 

Алматы екінші Нью-Йорк немесе Сингапур болуы мүмкін. Мамандар әлемнің ең ірі қалаларының тәжірибесіне сүйене отырып шаһарды дамыту жоспарын әзірлеп жатыр. Бұл туралы бүгін Елбасының қатысуымен өткен қаланы дамыту жөніндегі кеңесте айтылды. Ресми дерекке сүйенсек, биыл бірінші тоқсанда Алматының жалпы аймақтық өнім көлемі 4%-ға жеткен. Құрылыс, өнеркәсіптік өнім, инвестиция сынды басым бағыттар бойынша негізгі көрсеткіштер артқан. Салықтық әкімшіліктендіруді жақсартқанның нәтижесінде бюджетке түскен түсім былтырғы жылмен салыстырғанда 12%-ға ұлғайды. Ал тұрғын үй салу қарқыны 4 есеге артқан. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 4500 пәтер пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек «Бизнестің жол картасы» шеңберінде 4 мыңнан аса жұмыс орындары құрылып, 700 жоба іске асырылып жатыр. Жалпы, индустриаландырудың картасына құны 190 млрд теңге болатын 100 жоба енген.

176 рет қаралды

Пікір жазу