"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ДІН МӘДЕНИ КҮРЕСКЕ АЙНАЛА АЛА МА?

Сенбі, 23 Қыркүйек 2017 06:39

 

Атағы жұмыр жердi жаулаған есiмдердiң өзi мұсылман дiнiн аттай қалап жатқанын жиі естігенде қазақтiкi бар нәрсенiң қадiрiне жетпеу ме дейсiң кейде. Әрине, Иран сияқты дiни мемлекеттiң көшiрмесi бола алмасымыз айдан анық. Ендеше, азуы алты қарыс Американың да, Англияның да, Жапонияның да жолымен жүру мүмкiн емес. Сонда өз үнiмiздi — дербес мемлекеттiгiмiздi қалыптастыратын тегершiктi таппай, ақыры ұлттық идеологияға тiрелгенiмiз еске түседi. Ұққанымыз ұлттың тiнi — тiл. Тiлдiң бiрден-бiр тiрегi дiн десек қателеспеспiз. 

 


    

Тәуелсіздіктің таңы атып, кеңестің келмеске кетуімен қатар еліміз есте жоқ ежелгі кезден бері халқымызбен етене жасаған дінімізге есігін айқара ашты. Бұл бүгінде санадағы сенім жұрнағын жаңғыртып қана қоймай, қоғамдық дамудың кескін-келбетін де айқындап беруде. Атеизм салтанат құрған кешегі қызыл империяның құрсауында қысылған Қазақстан қазір елдегі қайта түлеген діни үдерістің оңтайлы тұстарын дөп басуда. Ол зайырлы қоғамдағы халықтың ауызбіршілігі. Өзара ынтымақ пен бейбітшіліктегі тұрақтылықты қамтамасыз ету.      

Иә, адами болмыстың рухани негізін сақтап қалудағы үлкен күштің бірі-дін екені сөзсіз. Сондықтан діннің де дүниеауи танымдылығын тап басу қажет. Өйткені ол  жаңа дәуірдің дәурендеуіне дәнекер.  Бүгінде еліміздің таңдағын діни жолы айқын. Ол Заң жүзінде реттелген.

    

 

Дегенменде бүгінде экстремизм мен терроризмнің үрейі күшті. Бұл барша әлемдік қоғамдастықты қатты алаңдатып отыр. Тұрақтылықты ту етіп, бейбітшіліктің берекесін келтірген Қазақстанға да оның қауіпі жоқ емес. Өйткені сүттей ұйыған зайырлы қоғамның қаймағын қозғап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жұмақты өмірдің шырқын бұзғысы келетіндер қашанда табылады.
Қазақстандағы халық санағының мәліметтері бойынша, Республикада тұратын 16 мен 29 жас аралығындағы жас азаматтар саны 4 млн-ға жуық. Яғни, тұрғындардың жалпы санының 4/1-ін құрайды. Ал, жастарға қатысты әлеуметтік мәселелер күн сайын күрделеніп, алаңдаушылық туғызып отыр. Оған жастардың жалпы аса маңызы бар: жұмыспен қамту, білім алу, денсаулық сақтау, қылмыстың өсуі және демография сынды мәселелері мен олардың жат ағымдағы діндерге кетуі бүгінде бұлтартпас дәлел. Сондықтан да әсіресе жастардың әлеуметтік жағдайын шешуге бірінші кезекте билік мүдделі болуға тиіс.

Дін біздің зайырлы қоғамның ажырамас құрамдас бөлігіне айналды. Өйткені, лаңкестік әрекеттер ел таңдап жатқан жоқ. Дамудың даңғылына түскен мемлекеттердің де мазасын алуда. Жауыздық індетін ішіне енгізіп алған елдердің тыныштығы әбден бұзылып тұр. Оны әлем жұртшылығы естіп, көріп отыр. Діни сауаты саяздарды соңына ерткен экстремистер бейбітшілікті қалайтын Исламға да қара күйе жағып, жат қылықтың бәрін соған телуде. Дінаралық татулыққа сызат түсіретін осындай жат ағымдардан аулақ болу керек-ті.

 

       

 

Әрине бүгінде рухани түлеген Қазақстанға дінді бетперде қылған жат ағымдардан сақ болу қажет. Ол үшін халықтың діни сауатын ашу басты назарда болуға тиіс. Біздің мүддеміз бір, мақсатымыз да ортақ. Ал, болашаққа бастаған қадамымыз Қазақстанның гүлденуі. Ендеше зайырлы мемлекетіміздегі діннің алар орны айқын. Жылдан жылға дiннiң рөлi күшейiп келедi. Мыңдаған жаңа мешiттер салынды. Жас дiни қызметкерлер сан жағынан көп есе өсе түсуде. Бiраз уақыттан кейiн олар топтасып, қалыптасқан дiни басқаруды жаңаша жаңғыртып, алғашқы төңкерiстi жасайды. Келесi деңгейде жас дiндарлар қоғамға және мемлекеттiк саясатқа әсер етедi. 

 

Бұған Ауғанстан мен Пәкістандағы және тағы басқа мемлекеттердегi талибан қозғалысы мықты мысал. Түрлi мұсылман ұлт өкiлдерi қазақтармен қосылып, саяси және дiни белсендiлiк көрсетудiң негiзiн қалау үстiнде. Және Қазақстанның жас дiни қызметкерлерi мәдениетке, әдебиетке, публицистикаға, музыкаға ықпал етедi. Яғни дiни үрдiс рухани өмiрге құбылыс ретiнде енедi. Бiзге келсек, мәдениетiмiз дiннен тыс тұрғаны анық.

Сондықтан алдағы уақытта дiннiң өнердегi формасы күшейе түсетiнi мәлiм. Бiздiңше, қазақ мұсылманшылығында бұрын болмаған құбылыс буырқаныс туғызады. Оған мүмкiндiк туып тұр, негiз бар. Сол кезде Қазақстандағы дінді бетперде қылған жат ағымдардан да толық айығарымыз анық.

 

Болатбек Төлепберген

200 рет қаралды

Пікір жазу