20Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«АҚТӨБЕ - АТЫРАУ» АВТОЖОЛЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жұма, 10 Қараша 2017 11:40

 

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев «Ақтөбе-Атырау» автожолын қайта жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстарын бастауға пәрмен берді.

Ашылу рәсіміне «Todini Costruzioni Generali SpA» (Италия), SPIK Accord (Әзірбайжан), Ташиапи Иншаат (Түркия), Ant Inshaat (Түркия), «Dongsung» компаниясының халықаралық инженерлері (Корея),  қадағалау қызметін атқаратын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ң және басқа да жоғарыда аталған мердігер ұйым өкілдері қатысты. 

 

 

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Ақтөбе облысында жалпы ұзақтығы 629 шақырым болатын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» учаскесі салынды.

Қазіргі уақытта ұзақтығы 500 шақырым болатын Ақтөбе-Атырау учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары қалып отыр.  Бұл учаске Ақтөбеден Атырау мен Маңғыстауға дейінгі бағытты байланыстыратын «Нұрлы жол» бағдарламасына енгізілген.

 

 

Осы бағыт арқылы Ресей Федерациясының Астрахань және Орталық Азия мен Парсы шығанағына шығуға мүмкіндік бар. Автомобиль жолын қайта жаңғыртудың нәтижесінде жолға кететеін уақыт айтарлықтай қысқарады. Сонымен қатар, бұл жерде шамамен 2 мыңға жуық адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі және олардың 90% -ы жергілікті тұрғындар болады.

 

Анықтама:

Ақтөбе-Атырау учаскелерін қайта жаңғырту жұмыстарына Азия Даму Банкі мен Ислам даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарының несиелері тартылатын болады. 

455 шақырым Ақтөбе-Атырау автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары былайша атқарылады:

-  ұзақтығы 156 км болатын «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесінде конкурстық рәсімдер жүргізілуде және Ислам даму банкімен 215,0 млн. АҚШ доллары көлеміндегі займ келісіміне қол қойылды;

-  Қандыағаш-Мақат учаскесінде Азиялық даму банкімен 240,3 млн. доллар займ туралы келісімге қол қойылды және ратификацияланды. Мердігерлер жалпы ұзақтығы 299 км болатын 7 құрылыс алаңына келісімшарт жасасты.

129 рет қаралды

Пікір жазу