"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«АҚТӨБЕ - МАҚАТ» ЖОЛЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАЛЫ ЖАТЫР

Жұма, 23 Желтоқсан 2016 09:27

 

Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі «Ақтөбе - Мақат» жолын қайта жаңғырту үшін займ жөніндегі келісімге қол қойды. Ұзақтығы 299 шақырым болатын «Ақтөбе - Мақат» учаскесі республикалық маңыздағы «Ақтөбе – Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы (Астрахань)» автомобиль жолының бір бөлігі және бұл жол Ақтөбе мен Атырау облыстары арқылы өтеді.

Жоба 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту Мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымы арасындағы серіктестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде Қазақстанды дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.

Жобаны жүзеге асыру көлік жүйесінде озық  инфрақұрылымды құру бойынша міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді. Транзиттік дәлізді жаңғырту мемлекетаралық және сауда қатынасын тереңдету мен кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Каспий жағалауы аймағының Қытай, Ресей және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің  нарығына шығуына жол ашады. Осылайша, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізімен жалғасатын болады. 

Ұсынылған сома 273 065 мың АҚШ долларын құрайды. Соның ішінде 240 300 мың АҚШ доллары Азия Даму Бакінің займы. Ал, республикалық бюджеттен қосалқы қаржыландыру займы 32 765 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті құрылысты қадағалау жөніндегі кеңесші мен мердігер компанияларды іріктеуге кірісті. Займ туралы келісім күшіне енгеннен кейін келісім-шарт бекітілетін болады. Жобаны жүзеге асыру кезеңі 2017-2021 жылдар аралығы.

653 рет қаралды

Пікір жазу