"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ИТП» АЭА ҚАТЫСУШЫ 23 ЖАҢА КОМПАНИЯ 1,2 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ САЛДЫ

Дүйсенбі, 26 Желтоқсан 2016 17:55

 

2016 жылы «Инновациялық технологиялыр паркі» Арнайы экономикалық аймағының басқарушы ұйымы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры АЭА-ны дамытуға бағытталған жұмыстар атқарды.

Биыл «ИТП» АЭА-ны дамыту мен насихаттау аясында отандық және шетелдік компаниялардың, мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен 54 іс-шара ұйымдастырылды. Тәжірибе алмасу бағдарламасының аясында «ИТП» АЭА мамандарының бірнеше арнайы экономикалық аймақтарының қызметімен танысуы қамтамасыз етілді: Оңтүстік Қазақстанда орналасқан «Оңтүстік» АЭА, Алматы облысындағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА және Қарағанды облысында орналасқан «Сарыарқа» АЭА.

Арнайы экономикалық аймағының аясында жұмыс атқаратын компанияларды тарту «ИТП» АЭА-ны дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың ішінде «ИТП» АЭА-ның резиденттігін алу бойынша 127 консультация өткізілді. Нәтижесінде 23 жаңа резидент тартылды. Бұл «EPAM Kazakhstan» ЖШС, «Казтелепорт» АҚ, Күнделік (Kundelik) ЖШС», «Региональные платежные системы» ЖШС, «Digital Management» ЖШС сияқты  компаниялар. Тартылған 23 жаңа резиденттің ортақ инвестиция көлемі 1 236 372 725 теңгені құрайды. Олардың ортақ қызметкерлер саны – 611.

Жаңа компанияларды тартумен бірге «ИТП» АЭА резиденттерінің сапалық құрамын көтеруге бағытталған жұмыс жоспарлы түрде атқарылуда. Биыл «ИТП» АЭА резиденті ретінде мәлімделген жобаларын жүзеге асырмаған 15 компаниямен келісім шарт бұзылды.

2016 жылдың 27 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша 164 компания «ИТП» АЭА-ның резиденті болып табылады. Олардың басты бөлігі өз жұмысын ақпараттық технологиялар саласында атқарады. 68 компания эксаумақтылық қағидасы бойынша жұмыс істейді. «ИТП» АЭА-ның барлық резиденттерінің ортақ жұмыс орындарының саны – 3706.      

Сонымен қатар, «ИТП» АЭА-ның инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жоспарлы түрде іске асырылып отыр. 2016 жылы «ИТП» АЭА-ның екінші кезегінде «Tecata» брендімен жұмыс атқаратын «DS Multimedia CA» өндірістік нысаны пайдалануға берілді. Жуық арада «ИТП» АЭА-ның екінші кезегімен салынатын бірқатар нысандар тапсырылады. Олардың ішінде 9 мың шаршы метр көлеміндегі заманға сай жабдықталған жұмыс орындары, сондай-ақ, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылыммен жабдықталған ғимараттар. KBTU Drilling Center кешенінің бірінші кезеңі және Қазақстан теңіз академиясы жоспар бойынша салынуда.  Оған қоса, инновациялық компанияларды жұмыс орны мен соңғы технологиялық жабдықтармен (Жаңа материалдар және аддитивті технологиялар, Индустрия 4.0, Internet of things, Smart технологиялар) қамтамасыз ететін Almaty Tech Garden Lab арнайы орталығы аяқталуға жақын. «ИТП» АЭА екінші кезеңіндегі инфрақұрылымдарының 85-90% дайын.

Инновациялық технологиялар паркінің негізінде құрылатын Технологияларды дамыту орталықтары Қазақстандық және шетелдік компанияларды тартуға елеулі ықпал етеді. Аталған орталықтарды «ИТП» ДКҚ үздік трансұлттық компаниялармен бірге құрады. Жақын уақытта McKinsey&Company компаниясымен бірлесіп құрылатын Тау-кен- металлургиялық кешенінің Құзыреттер орталығының бірінші модулі іске қосылады. Сонымен бірге, геология саласындағы стратегиялық мәселелерді шешу мақсатымен «ИТП» АЭА-ның территориясында Геологиялық кластер құру жоспарланған.

Аталмыш шаралардың іске асырылуы технологиялық компанияларды тартуға одан әрі тартымды жағдай жасап, қазірігі резиденттердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттерін көтеруге оң ықпал етеді.

607 рет қаралды

Пікір жазу