"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

Б. САҒЫНТАЕВ БАҒАНЫҢ НЕГІЗСІЗ ӨСУІН БОЛДЫРМАУҒА ТАПСЫРМА БЕРДІ

Дүйсенбі, 09 Қаңтар 2017 08:03

 

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің есебін тыңдады. Онда ведомствоаралық жұмыс тобының күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеуге қатысты іс-шаралары, сондай-ақ өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысы және сауда орындарын отандық азық-түлікпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Премьер-Министр Б.Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауды және монополияға қарсы заңдылықтың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.


Ақпарат көзі: primeminister.kz

 

670 рет қаралды

Пікір жазу