12Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТКМК-ҒА АРНАЛҒАН ӨСУДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДРАЙВЕРЛЕРІ

Жұма, 26 Мамыр 2017 10:59

 

2017 жылы 25 мамырда Тәуелсіздік сарайында VIII Халықаралық тау-кен –металлургия Конгресі мен «Astana Mining & Metallurgy» – АММ-2017 көрмесі жұмысын бастады. «ТКМК-ға арналған өсудің стратегиялық драйверлері» атты пленарлық мәжілісте Конгресс делегаттарын Қазақстан Республикасы  Премьер-министрінің бірінші орынбасары Аскар Мәмин құттықтады.

 

 

А. Мәмин, бұл форумның маңыздылығына тоқталып, оның тау-кен металлургиясы кешеніндегі маңызды мәселелерді талқылайтын халықаралық алаң екендігін айтты. «Мемлекет басшысы тұрақты экономикалық өсу үшін тау-кен металлургия кешенінің дамуына ерекше назар аударады», - деді. А. Мәмин атап өткендей, соңғы жылдары әлемде тау-кен металлургия өнеркәсібінде оң үрдістер байқалады. Ол базалық металл бағаларының өсуінен, нарықтың жанданып, жетекші өндіруші компаниялардың көпшілігі үшін шығындардың төмендеуінен көрінеді. 

 

 

Пленарлық мәжілісте негізгі спикерлердің баяндамалары ұсынылды. Олар Конгрестің талқылау бағдарламасының алдағы бағыттарын  қалыптастырды.
«Полиметалл УК» АҚ президенті Игорь Финогенов минералды-шикізат базасының стратегиясы туралы айтты. Қазақстандағы Полиметалл компаниясы қолданыстағы өндірістердің негізінде жаңа жобаларды қаржыландыратын болады.

«АММ конгресі біздің компаниямыздың минералды-шикізат базасының артуы үшін нақты қадам болып табылады. Өткен жылы АММ аясында «Қазгеологиямен» меморандумға қол қойдық. Жыл бойы біз олармен өзара байланыс орнаттық.  Нәтижесінде биыл  біз Қостанай облысында Шекара жаңа учаскесін геологиялық барлауды бастаймыз.  Біз биыл тағы да конгреске қатысудан оң нәтижелер күтеміз.

Игорь Финогенов процедураны және геологиялық ақпаратқа қол жетімділікті жеңілдетуде мемлекеттік деңгейде өзгерістер барын атап өтті. «Полиметалл» «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Кодексінің жобасын бағалайды, онда геологиялық барлауды ынталандыруға арналған қаржылық- экономикалық құралдардың үлкен пакеті қарастырылған.

«Kazzinc Holdings» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Никола Попович бір кәсіпорын аясында төртінші өнеркәсіп  революциясы туралы баяндама дайындады. Соңғы жиырма жыл ішінде өндірісті жоспарлы автоматтандыру жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта компания өндірістерінде автоматтандырылмаған үдерістер қалмаған.

Компания Индустрия 4.0 әзірлемесін қолданады: автоматтандырылған датчиктер, есептер жүйесі және өндірістегі қауіпсіздік. Өзінің тиімділігін көрсеткен өнеркәсіптік   революция диджитализация арқылы, компания өзіне жаңа мақсаттар қойып отыр. Никола Попович атап өткендей, «қазір компанияның басымдыққа ие міндеті- менеджерлер буынын дайындау, ол технологиялық үдерістің түсінігінде жеткілікті жылжу кезінде цифрлы сауаттылықа ие болады, олар сандық ақпараттар ағынының диспетчерлер рөлін орындауы мүмкін. Ол бізге көптеген деректерден және тәуелділіктерден маңызды назар аударуға тиіс технологиялық және экономикалық ақпаратты алуға көмектеседі».

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ Бас директоры Парамжит Калон «Тау-кен-  металлургиялық сектордың мәселелері мен перспективалары» атты өз баяндамасында өндірістегі артық қуаттылықтың болуы импортерлер тарапынан бәсекенің күшеюіне алып келгенін айтты. 2015 жылы дәстүрлі тау-кен игеруші елдердің нарықтық капиталдандыру көрсеткіштері 45%-ға төмендеді.

«Қытай экономикасының өсу қарқынының бәсеңдеуі болат құю өніміне ішкі сұраныстың төмендеуіне алып келді. Қытайдың болат құю кәсіпорындары оның экспортын елеулі арттырды. 2015 жылы ҚХР-да экспорт көлемі 19,9%-ға өсті және 112,42 млн. тоннаға жетті. Тек 2015 жылы қыркүйек айында Қытай экспортқа 11,25 млн. тонна шығарды. Бұл әлемдік қара металлургияға нақты ескерту болды» - деп атап өтті Калон мырза.

Пленарлық мәжілістен кейін баспасөз конференциясының аясында меморандумдарға қол қойылды. Ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму министрлігі және Мәскеу Болат және қорытпа институты қол қояды. Екіжақты түсіністік туралы меморандумды «Инновациялық технологиялар паркі» Автономды кластер қоры ( «ИТП» АКҚ) - «МАЙКРОМАЙН Орталық Азия» ( «ММ ОА» ЖШС) және Metalysis Limited бекітеді.

Конгрестің бірінші күні делегаттарға үш сессиядан тұратын жұмыс бағдарламасы ұсынылды: ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен арнайы сессия - «Нарық көшбасшылары. Даму стратегиялары», ол жерде қатысушыларға сала бойынша өндірістік, бағалау және болжам кейстері беріледі. Геологиялық барлаудың инвестициялық әлеуетіне арналған екінші сессияда тау-кен игеру бизнесінің инвестициялық тәуекелдерінің мәселелері, ірі капиталдардың инвестициялық талаптары Қазақстандағы жобаларға және Қазақстандағы CRIRSCO есептіліктің халықаралық стандарттарын енгізу туралы есебі қаралады.

Үшінші сессияда делегаттар Қазақстандағы ТКМК саласын цифрландыру мәселесін және диджитализациялаудың шетелдік тәжірибесін талқылайды.

280 рет қаралды

Пікір жазу