25Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МИНИСТРЛЕР ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУДІ БАСТАДЫ

Дүйсенбі, 29 Мамыр 2017 09:46

 

Осы аптада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев және ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев халық алдында есеп береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутова аптаның оқиғалар күнтізбесін баяндау барысында мәлім етті. Оның айтуынша, бүгін 29 мамырда атқарылған жұмыстар туралы Қоғамдық кеңес алдындағы есепті ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастайды. 31 мамырда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің, ал 1 маусымда ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың халық алдындағы есеп беру кездесулері өтеді. Сонымен бірге, аптаның алғашқы күні ҚР Сенатының Аграрлық мәселелер, жер қойнауын пайдалану, және ауылдық аумақты дамыту комитетінің кеңейтілген отырсында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне  өсімдік және жануарлар әлемі мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланады. 30 мамырда Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы ҚР және РФ үкіметтері арасында авиациялық іздеу және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын талқылауға арналады. 31 мамырда Сенатта Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мәселесі өңір депутаттар тобының дөңгелек үстелінде талқыланады. 1 маусымда ҚР Парламентінің күнтәртібінде Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Қатысушылар ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару, дамыту бойынша өзгертулер мен толықтыруларға қатысты заң жобасын талқылайды. Сондай-ақ, бұл күні ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер,  қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің дөңгелек үстелі отырысында «100 нақты қадам Ұлт жоспары» аясындағы ақпараттың қолжетімділігі туралы заңнын орындалуы талқыланады. Орталық мемлекеттік органдарда да бұл аптаға бірқатар маңызды шаралар жоспарланған. Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымымен бірлесіп, 31 мамырда аяқталатын «Мызғымас бауырластық - 2017»  бірлескен жаттығуын бастайды. 2 маусым күні ШЫҰ мүше мемлекеттері, мәдениет министрлерінің кеңесі өтеді. Осы аптада барлық өңірлерде саяси Қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шаралар ұйымдастырылады. 29 мамыр күні Таразда «Ел рәміздері  елдігіміздің берік негізі» атты ғылыми тәжірибелік конференция өтеді. 31 мамырда Павлодар және Ақтөбе облыстарында митингтер өтіп, гүл шоқтарын қою рәсімі болады. 1 маусымда Қазақстан Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Қостанай, Батыс және Шығыс Қазақстан облыс орталықтарының басты көшелерінде балалар мен жастардың музыкалық ансамблдерінің шеруі өтеді. Бұл аптада Орталық коммуникациялық қызметі алаңында бірқатар баспасөз конференциялары өтеді. Бүгін 70 Канн халықаралық кинофестивалінен келген қазақстандық делегацияның ең жарқын сәттері туралы Еуразия кинофестивалінің президенті, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева айтып береді. 2 маусымда Батыс Қазақстан облысындағы киелі орындар бойынша «Kazakh geography» географилық қоғамының экпедициясы және оның ерекшелігі туралы Назарбаев Университетінің инновациялар бойынша вице-президенті Қанат Байғарин әңгімелейді.

282 рет қаралды

Пікір жазу