"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА АРНАЙЫ САЙТ АШЫЛАДЫ

Дүйсенбі, 29 Мамыр 2017 09:50

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына арнайы веб-сайт ашылады. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасының «Апта» бағдарламасында берген сұхбатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлттық арнадағы сұхбатында министр «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық қолдау шаралары туралы айтқан болатын. Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық қолдау бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр. «Телеарналарға келсек, бұған қазір жүріп жатқан ақпараттық-сараптамалық 34 бағдарламаны пайдалануда. Сонымен бірге, 13 жаңа тележоба мен ток-шоу, 3 сериал мен 5 деректі фильм және роликтер циклін жарыққа шығару жоспарланып отыр», - деді министр. Сонымен қатар, мерзімді баспасөзде, әлеуметтік желілерде де жұмыстар жан-жақты жүргізіледі. Бұған қоса, министрдің айтуынша, «Рухани жаңғыру» деп аталатын арнайы веб-сайт ашу жоспарланып жатыр. Жаңа сайтта бағдарламаның әрбір бағыты бойынша жеке-жеке платформалар құрылмақ.

217 рет қаралды

Пікір жазу